• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:38:41
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкент қалалық әкімдігінің шенеуніктеріне қызметтік көліктері қайтарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Еске салайық, бір ай бұрын бұл қызметтік көліктер тұраққа қойылып, бір ай бойы қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары қызметтік көлікті пайдалану мүмкіндігінен айырылған болатын. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Шымкенттің экс-әкімінің автобустағы суреті кең таралаған.

Шымкенттік шенеушіктер қоғамдық көлікте және өздерінің жеке көліктерінде жүру арқылы халықтың жағдайымен танысып, біршама ұсыныстар жасаған. 

Айта кетсек, 7-ші қарашада Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Сауранбаев сайланғаны хабарланған болатын. 

Жыл соңына дейін Шымкентте қаланың шеткі елді мекендерінен орталыққа қатынайтын жаңадан 12 бағыт қосылады. 

Сонымен қатар, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі алдағы уақытта Шымкенттен мемлекеттік автобус паркін ашуды ұсынып отыр. Бұл бағыттағы ілкімді істер қазірдің өзінде басталып кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір