• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:44:10
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкент әкімі өзіне айтылған сыннан кейін қазақша кітап оқып жүргенін айтты

Бұл туралы шаһар басшысы БАҚ өкілдерімен кезекті рет қала аралауға шыққан кезде айтты

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев өзіне айтылған сыннан соң қазақша кітаптар оқып жүргенін айтты. Бұл туралы шаһар басшысы БАҚ өкілдерімен кезекті рет қала аралауға шыққан кезде айтты.

Нұрлан Сауранбаев қазақ тілінде жақсы сөйлей алмағанын сынағандарға алғысын білдіріп, ол әрекеттері өзіне жігер сыйлағанын атап өтті.  Осыдан кейін Абайдың кітаптарын оқып, тілін жетілдіріп жатқанын жеткізді.

«Оны жазған жігіттерге рақмет айтқым келеді. Шыны керек, маған үлкен мотивация сыйлады. Қандай сын болса да, дұрыс қабылдау керек қой. Сол сыннан соң 8-9 шақты кітап оқып шықтым. Оның ішінде Абайдың қара сөздері де бар», - деді Шымкент басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрлан Сауранбаев домбыра үйреніп жүргенін де айтып қалды.

«Домбыра тартуды үйреніп жүрмін. Қазір «Түркімен» күйін тарта аламын. «Хафизді» үйреніп жатырмын», - деді ол.

Еске сала кетсек, шаһар басшысы осы жылдың қаңтар айында қаладағы аудандардың бірінің әкіміне есепті тек қазақ тілінде жасағанына ескерту жасаған болатын. Ол сондай-ақ өзінің халық алдындағы есеп беру жиыны кезінде ойын қазақша жеткіземін деп, әлеуметтік желілерде «жұлдыз» болған еді. Қазақ тіліне қатысты сынаған тұрғынға әкім өлең шумақтарымен жауап берген еді.

«Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар, еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!». Ендеше Расул Гамзатовтың сөзі бар «егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын, аға. Бірге жұмыс істейік», - деген еді әкім Сауранбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір