19Тамыз

Шежіре—ғұмыр. Ақселеу Сейдімбек туралы естелік

Шежіре—ғұмыр. Ақселеу Сейдімбек туралы естелік
Ⓒqamshy.kz

 Ақселеу аға Сейдімбек туралы жазу көптен толғандырып жүрген ой еді. Көзінің тірісінде өз басым ағаны, бір жағынан, әріптес-фольклоршы ғалым ретінде, екінші жағынан қазақи дәстүрдегі сойымыз бір болғандықтан арқа тұртатын едім. Сойын білуіміз оның фамилияның орнына «Тарақты Ақселеу» деп жазған кейін пайда болған таным болса, фольклоршы ғалым ретіндегі таныстығымыз 1993 жылдың ақпан айынан басталды. Ол кезде Ахаң М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Фольклор және қолжазба» бөлімінде ғылыми қызметкер болатын.

Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақстан тәуелсіздік алып, елдің еңсесі көтерілген, жұмысқа бел шеше, ерекше қарқынмен, қызумен кіріскен кезең еді. Қостанай өлкесінде тыңнан ашылған Қазақ филологиясы факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде Алматыдағы белгілі оқу орындарының тәжірибелерін игеру мақсатында сол кездегі астанаға-Алматыға іссапармен бардым. Үш-төрт күнге созылған іссапар аяқталып, шаруа ыңғайлана бастағаннан кейін, Қызылордадан Қостанайға Білім министрлігінің жолдамамен аттанарда факультет деканы болған ұстазымыз Бағдат Кәрібозовтың: «ҚазМУ-дан (республикаға белгілі ғалымның фамилиясын атап) ғылыми жетекшілікке ғалым тауып беремін, Алматыға барсаң, маған телефон соқ, мен сені ҚазМУ-мен байланыстырамын»,- деген уәде-сөзін «көңілге медеу етіп», ғылыми жетекші белгілеп, тақырып бекітіп алуды жөн санадым. Бірақ, өкінішке қарай, Қызылордадағы Б.Кәрібозов ағамызға хабарласа алмай (іссапарлап кеткен екен), пұшайман күйде Қостанайға кері қайтатын болдым. Сол кезде Алматыда қостанайлық әріптесім әрі жолдасым Қаныбек Бижан деген азамат Ғылым Академиясында ғылыми тәжірибеден өтіп жүрген болатын. Ол - ҚазМУ-дың түлегі. Қасында Тіл білімі институтында аспирант болып жүрген М. Сабыров деген жолдасы бар. Екеуі өздері оқыған оқу орнының жатақханасына орналасқан. Соларға жағдайымды айтып едім, олар Академия ғалымдарына жолығып, тақырып алуды кеңес етті. Қысқасы, келесі күні Қ.Бижан тәжірибеден өтіп жатқан М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер иститутының фольклор және қолжазба бөліміне жол тарттық.

Бөлім басшысы - Қ.Бижанның ғылыми жетекшісі Шәкір Ыбыраев. Қанекең мені таныстырып, мақсатымды айтқаннан кейін ол бөлімде отырған өзге кісілермен кеңесіп, ақылдаса бастады. Бір кезде төрде отырған бөлім басшысының сол жағында отырған ақсары келген, бойшаң кісі сөз алды. Сөз саптауы бөлек, сөйлемдері кісіні ұйытатын орамды, ойлы екен. Қанекең маған сыбырлап: «Бұл кісі Ақселеу Сейдімбеков деген тарақты ағаң болады», - деді.

  • Шәке, бұл жігіт ат терлетіп сонау алыстағы Қостанайдан келген екен, - деді ол, - ол өлке қазақтың біртуар азаматтары шыққан қадірлі жері ғой, сондықтан сол жақта мынау Қаныбек бір көзіміз бен құлағымыз болса, мына жігіт екінші көзіміз бен құлағымыз болып отырсын. Тақырып берейік, бұл жігітті де өзіңізге алып, екі жігітке қос пар ат жеккендей етіп жетекшілік етсеңіз, дұрыс болар еді, - деді.

Шәкір ағамыз оған:

  • Ақа, сөзіңіз орынды, бірақ маған ол жұмыс ауыр тиер. Докторлық диссертациямның жұмысы қаурыт болып жатыр. Бұл жігітті Секеңе ұсынайық, ол кісі ғылымға ынтасы бар жігіт болса, ұсынар тақырыптарым бар еді деп айтып еді. Мен оған телефон соғайын, не дер екен?,- деп жауап қатты.

Сөйтіп, ол дереу телефон шалып, бір кісімен сөйлесе бастады. Байқаймын, Шәкір ағамыздың баппен сөйлеген сөзі мен биязы үнінде сый-құрмет табы ерекше сезіліп тұр. Менің жолдасым сыбырлап: «Секең деп жатқаны - ВАК-тың төрағасы Сейіт Асқарұлы Қасқабасов»,- деді.

ВАК дегеннің не нәрсе екенін түсінбесем де, ғылым саласы үшін маңызды мекеме екенін іштей ұғындым. Бір кезде Шәкір ағамыз:

- Секеңнің шаруасы өте қаурыт, шетелге шыққалы отыр. Жетекшілікке келісімін беріп, Абылай хан туралы аңыздарды тақырып етіп беруді ұсынды. Бұл жігіт өзі де ертең еліне жүргелі отыр екен, сондықтан  түс ауа бөлімнің жиналысын ашып, Секең ұсынған тақырыпты бөлімде бекітейік. Содан кейін институттың Ғылыми Кеңесіне ұсынармыз. Өзің келесі жылы аспирантура, ол болмаса ғылыми стажировка алып бізге кел, - деді.

Ақсары келген кісі:

-Бәрекелді, тәуелсіздікке дейін зерттеу мүмкін болмаған тың тақырыптардың бірі екен. Оның үстіне атақты Абылай хан туралы. Сен, бауырым, тарихта болмаған жағдайды басыңнан кешіріп отырсың. ВАК-тың төрағасынан телефонмен тақырып алу деген бұрын-соңды болмаған. Сейіт Асқарұлы - талабы қатты атақты ғалым. Ол кісінің мектебінен өту, тағылым алу деген үлкен абырой. Осыны ұмытпа! - деді.

Осылайша, Ахаң маған қазақтың көрнекті ғалымы Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтан тақырып алып, жетекші етіп бекітілуіне өз септігін тигізді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, , сол күні түс ауа бөлімнің жиналысында тақырып бекітіліп, көңіліміз жайланып, ертеңіне Қостанайға кері тартып кеткен жайым бар еді.

Бір жылдан соң, 1994 жылы күз айы қыркүйекте арнайы ғылыми жолдама алып, Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтына келдім. Сол кезде Ахаңмен жиі кездесіп, тілдесу, сұхбаттасу, кеңірек танысу мүмкіндігі туды. Жетекшім Сейіт аға Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің Никольск базарының жанында орналасқан біліктілікті көтеру институтының жатақханасынан бөлме алып берген болатын. Қасымда Қарақалпақстаннан докторлық диссертация жазу үшін келген бір кісі бар. Бір күні ол маған: «Кешкілік бөлмеге ертерек кел. Ақселеу Сейдімбек пен Шәкір Ыбыраевты шай ішуге шақырып отырмын, бірге бол», - деді.

Ахаң сол отырыста «Сөйлесе - сөздің шешені, толғанса - терең ойдың көсемі» екенін танытып, көсіле сөйледі, келелі әңгімелер айтты. Қасындағы серігі Шәкең оны әлсін-әлсін «Ахаң бұған не деді екен?» деп  көтермелеп, қолпаштап отырды. Қалың әңгіменің барысында Ахаң не себептен фамилия орнына өзінің шыққан сойын-Тарақтыны жазып жүргенін айтты. «Мен мұны руымды көрсетейін, мақтанайын деп, болмаса тайпалық сананың жалауын желбіретіп жүрген жоқпын. Орыстың дәстүрінен орныққан «ов»-тан құтылудың бір әдісі ретінде қолданып жүрмін. Жұрттың санасын өзгерту үшін пайдаланып жүрген жайым бар. Сынға да іліндім. Бір күні қызық оқиға болды. Мен ономастика жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі едім. Сол кеңестің кезекті бір отырысында қазақтың тегін жазу мәселесі көтеріліп, соның ішінде зиялылардың руды фамилия етіп алу көрінісі қатты сыналды. Менің де атым аталды. Сол арада мен өз ойымды айттым. Дау-талас туды. Сонда кеңестің төрағасы академик Манаш Қозыбаев тұрып былай деді: «Руды фамилия етіп алу, ел-жұрт арасына іріткі салып, тәуелсіздік алып жатқан жас мемлекетіміздің бірлігін бұзуы мүмкін. Сондықтан мұндай дәстүрге әуес болмайық. Ал этнограф, фольклоршы Ақселеуге бұл жарасады. Оған рұқсат берейік. Осымен әңгіме тамам болсын»,- деді. Осылайша тегімді республикалық ономастикалық кеңестің отырысында, Манаш ағаның арқасында «ауызша бекітіп» алғамын,- деп күлді.

Аталмыш отырыста ол кісі маған өзінің «Күй шежіре» атты зерттеу кітабын авторлық қолтаңба жазып, сыйға тартты.

Қолтаңба жазылған айқара беттің бір жағында Ахаңның өзі салған автопортреті бейнеленген. Қолтаңбада: «Қадірлі бауырым Алмасқа ағалық ақ көңіліммен ұсынамын. С.Ақселеу. 15.11.94», - деп жазылған еді. Ахаңның ыстық ықыласы таңбаланған «Күй шежіре» кітабы талантты қаламгердің біздер студенттік жылдары құмарта оқыған «Күңгір-күңгір күмбездер», «Сонар» атты туындыларының қатарынан құрметпен орын тапты, қазір де жеке кітапхана қорымызда сақталып тұр.

2000 жылдар басында Ахаң Сейіт Асқарұлының жетекшілігімен «Күй шежіре» кітабын кеңейте, ғылыми аппараттармен толықтыра келе докторлық диссертация қорғады. Оның диссертация қорғаған оқиғасын Сейіт аға риязы кейіппен былайша еске алып отыратын: «Астанадан Алматыға институтқа директор болып қайта оралған кезім еді. Ақселеу келіп ақылдасты: «Мен, өзіңіз білесіз, қазақтың күй өнеріне қатысты бірнеше зерттеу кітабын шығардым. Солардың негізінде докторлық дәрежені институттың ұсынысымен қорғамай-ақ алсам қайтеді?», -деді. Мен оған былай дедім: «Зерттеу кітаптарың ғылыми ортаға таныс. Жұртшылық сені жақсы біледі. Енді сен сол зерттеулеріңді ғылыми жүйеге салып, талдап, сараптап, диссертация жаз, жұрт алдында қорға», - дедім. Ол: «Ендеше, Сіз ғылыми жетекші болыңыз», -деп қолқа салды. Сөйтіп, кезінде М.Әуезов ерекше ықыласпен атап өткен қазақтың күй аңыздары тақырыбын оған бекітіп бердім. Ақселеу докторлығын қорғаған ғылыми кеңес отырысына атақты ғалымдармен қатар Асанәлі Әшімов бастаған бір топ өнер қайраткерлері қатысты. Талқылау қызу жүрді. Ғылыми кеңес жұмысы белгілі ғалымдар мен қазақ өнерінің майталмандары бас қосқан алқалы жиынға айналып кетті. Кеңесті зорға жаптық».

Докторлық диссертация қорғағаннан кейін, Ахаң Алматыдан Астанаға ауысып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқытушылық қызметке орналасты. Бір күні, ұмытпасам 2004 жыл болса керек, Астанаға жол түсіп, Ахаңа сәлем беруге бардым. Екеуміз Еуразия университетінің бас ғимаратында  жолықтық. Қал-жағдайымды білгеннен кейін, ғылым жағына ойысып, докторлық диссертацияның барысы туралы сұрады. Мен Қазақ хандығына байланысты тақырыпты жетекшіммен келісіп, бекіткенімді, бірақ әлі бел шешіп кірспегенімді айттым. Сонда ол кісі маған былай деді: «Сен бүйірдегі Қостанайда бәйгеге түсіп жүрсің. Сенімен бәсекелесетін кісі қатары сирек. Содан сен бәйгенің мәресіне оқ бойы озып келесің де: «Ойпырмай, өзім керемет екенмін ғой»,- деп, миығыңнан күліп, өзіңе разы боласың. Жеке дара жүріп кандидаттық атақтың буына малданып қалыпсың. Уақыт тез өтіп кетеді. Докторлық қорғау жолына түс. Ол үшін ғылыми орта керек. Астанаға ғалымдар жиналып жатыр. Осында ауыссаң, Алматыға да, Секеңе де (С.Қасқабасовқа) жақындайсың. Мұнда жұмысқа орналасуға мен көмектесейін. Мынау Заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаевпен жақсы тамырлығым бар еді. Оған бір өтініш айтайын, сені жұмысқа ал деп. Сөзімді жерге тастамас. Аз-маз сағат алып, докторлығыңды өндіре жазып шығуың керек»,- деді.

Мен ойланайын деп «тайм-аут» алып, елге  тартым. Қостанайда 9 жыл жатақханада тұрып жүрегіміз шайлығып қалғандықтан ба, үй-күй жоқ Астанаға ауысуға бата алмадым. Қостанайда қалып, шықпай қойдым. Бірақ Ахаңның ақылынан кейін «қамшыны басып», 2009 жылы Сейіт Қасқабасовтың жетекшілігімен докторлық диссертация қорғап шықтым. Диссертацияға пікір беретін жетекші ұйым болып Еуразия университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы бекітілді. Ереже бойынша, талқылауға фольклористика салсынан үш ғылым докторы болуы тиіс. Ахаң журналистика кафедрасының профессоры еді. Сондықтан Қазақ әдебиеті мен Журналистика кафедралары бірігіп отырыс өткізіп, менің докторлық диссертациялық жұмысымды талқылады. Оң шешімін шығарды.

Жаңа астанада Ахаң алқалы жиындардың, келелі кеңестердің бел ортасында жүрді. Тәуелсіз елдің Есіл бойындағы жаңа астанасы Ахаңның қазақ әлемін зерттеп жүрген ізденісінің кеңістігіне, рухына жақын болатын. Сондықтан ол Астанада туған халқына аса үлкен шабытпен қызмет жасады. Елбасы жаңа резиденцияға-Ақ Ордаға кіргенде қазақтың хан көтергенде жасайтын көне төл рәсімін ырымдау көрінісіне қатысып, Ордаға алғашқылардың бірі болып кірді. Ақ Орда төрінде Президентке бата берген (М.Жолдасбеков, Ә.Кекілбай) үш тұлғаның қатарында болды. Қазақ әлемін танытуға қызмет еткен баянды ғұмыры Елордада тұйықталды...

Ахаңның өнегелі  өмірінің соңғы жылдары өткен Астаналық кезеңін мен сонау XVI ғасырда Қасым хандығындағы Ораз-Мұхаммед ханның жанында қызмет атқарған Қадырғали Жалайыридің ғұмырнамалық бейнесімен шендестіремін. Қазақ даласынан Ресей патшалығына тұтқын болып түскен Ораз-Мұхаммед ар алдындағы адалдығы мен ерлік істері арқасында Мәскеу іргесіндегі Қасым хандығының тағына отырғандығы тарихтан белгілі. Осы оқиғаның құрметіне ханның кеңесшісі Қадырғали бек Жалайыри атақты «Жами-ат тауарих» (ғылымға танылған атау) атты шежірелік еңбегін тарту етеді. Шежіреде түркілердің көне тарихымен қатар, Шыңғыс ханнан Қазақ хандарына дейін ұласқан билеушілерге қатысты оқиғалар баяндалады. Автордың өзі Қасым хандығының жаңа билеушісі Ораз-Мұхаммед ханның жанынан орын алады. Шежіреші еңбектің соңғы сөздерінің сөресіне «шежірені жазған тарақ таңбалы Қадырғали бек Жалайыри» деген мәліметті «шегелейді». Сол шежіре 400 жыл өткен соң тарақ таңбалы Ақселеу Сейдімбектің Алты Алаштың шежіресі жан-жақты жинақталған «Қазақтың ауызша тарихы» атты туындысымен Астана төрінде қайта жаңғырып, лайықты жалғасын тапты...

Бұл жолдарды ой көзімен оқыған оқырманның көңілінде: «бұл не тылсым, болмаса не құдірет, әлде тағдыр ма?» деген сауал туындауы мүмкін. Біз де осы жолдарды жазып отырғанда «шарасыз пенде күйін жамылып», сол сауалдың «шатырын паналап» қалам сүйкеп отырған жайымыз бар. Санамыз шиырлай алмайтын құдірет сырларын тек материалдық болмысқа сүйенген түйсікпен ұғынып, шала-пұла түйіндейтін толық емес түсінігіміз бар. Ол түсінік мынған саяды: бұл өмірдің мәні – жалғастық. Жалғас бар жерде өмірдің мәні, әрқашан, маңызды, мағыналы әрі сәнді. Ахаң тұла бойымен көне қазақ мәдениетінің жаңа мыңжылдықтағы жалғасы, жаңғырығы, өзгеше сәні болып қалды. Жалпы, мәдениет болмысы мықты тұлғалармен жаңарады. Ахаң сынды тума таланттардың өмірі мен шығармашылығы – соның дәлелі.

 

 

 

Алмасбек Әбсадық, филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
NASA жерге құлап келе жатқан астероидтың видеосын жариялады
19/08 12:59 0 1067
2
Ресейлік ФСБ қызметкерлері мигранттарды тыңшы болуға үгіттеуде
19/08 12:21 0 232
3
Путин: «Әлем терроризмге қарсы күш біріктіру керек»
19/08 12:18 0 106
Германияда белгісіз адам жұртқа пышақпен шабуыл жасады
19/08 12:05 0 76
Обаманың пікірі интернет тарихындағы ең танымал пікірге айналды
19/08 12:01 0 300

Таныстырылғандар

Еуро Одақ КХДР-ға жаңа санкция енгізді
Еуро Одақ КХДР-ға жаңа санкция енгізді

Еуро Одақ КХДР-ға жаңа санкция енгізді

Ендігі уақыттан бастап ЕО-ның ҚХДР үшін қара тізімге 103 адам мен 57 ұйым кірді.
11/08/2017 18:01 0 815
БАҚ: Барак Обама саясатқа оралуы мүмкін
БАҚ: Барак Обама саясатқа оралуы мүмкін

БАҚ: Барак Обама саясатқа оралуы мүмкін

АҚШ-тың экс-басшысы құрама штаттардағы демократтардың ықпалын қайта қалпына келтіру үшін ел саясатына сырттай араласатын болады
12/08/2017 12:10 0 894
Елбасы Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын
12/08/2017 13:20 0 1359
Білім гранттары 1487 орынға ұлғайтылды
Білім гранттары 1487 орынға ұлғайтылды

Білім гранттары 1487 орынға ұлғайтылды

Комиссия жұмысының отырысына ата-аналардың өкілі де қатыстырылған
Аудио тыңдау
14/08/2017 15:09 0 275
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісіміне 2017 жылы қол қойылады
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісіміне 2017 жылы қол қойылады

ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісіміне 2017 жылы қол қойылады

Кеңеске қатысушылар ЕуразЭО мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жобалары да талқылады.
14/08/2017 18:29 0 326
Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты ма?
Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты ма?

Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты ма?

Көл Купино ауданы орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан. Шекараны анықтау жұмыстары аяқталғанша Сладкое көлі Ресей Ферерациясының меншігінде болған
15/08/2017 15:46 2 743
БҰҰ өкілдігіне шабуыл жасалып 7 адам қаза тапты
БҰҰ өкілдігіне шабуыл жасалып 7 адам қаза тапты

БҰҰ өкілдігіне шабуыл жасалып 7 адам қаза тапты

БҰҰ-ның Малидегі өкілдігі әлемдегі қауіпті миссиялардың бірі саналады
15/08/2017 19:20 0 420
Сабыр қыл!
Сабыр қыл!

Сабыр қыл!

Риза бол!  Қазіргі сәтіңді бағала!
16/08/2017 16:47 1 606
Қытай делегациясын Астананың инфрақұрылымы таңғалдырды
Қытай делегациясын Астананың инфрақұрылымы таңғалдырды

Қытай делегациясын Астананың инфрақұрылымы таңғалдырды

Аспан асты елінен келген делегация кездесу соңында Астанамен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.
17/08/2017 09:26 2 326
Бүгін ана тілінің абыз анасы Рабиға Сыздықованың туған күні
Бүгін ана тілінің абыз анасы Рабиға Сыздықованың туған күні

Бүгін ана тілінің абыз анасы Рабиға Сыздықованың туған күні

Рәбиға Сыздықова – сөз тарихына, сөз әсемдігіне, сөз сазына, әуеніне,қолданылу мәдениетіне терең бойлап, білгірлікпен талдау жасаған ірі ғалым
17/08/2017 10:51 0 255
Е. Біртанов жедел жәрдемді шақыртудың жаңа ережесіне түсініктеме берді
Е. Біртанов жедел жәрдемді шақыртудың жаңа ережесіне түсініктеме берді

Е. Біртанов жедел жәрдемді шақыртудың жаңа ережесіне түсініктеме берді

Мен жедел жәрдем қызметі жұмысының жаңа стандарты арқылы тиімді түрде жұмыс атқарамыз деген ойдамын.
17/08/2017 13:30 0 250
Кино – қазақ тарихын талапайға салмасын
Кино – қазақ тарихын талапайға салмасын

Кино – қазақ тарихын талапайға салмасын

Мәскеуден тәуелсіздік алғаннан бері қазақ киносы дүниеге әкелген туындылар туралы алуан-алуан пікірлер, көзқарастар аз айтылған жоқ
17/08/2017 14:38 0 194
Биыл Қазақстанда «Е-шаңырақ» электронды платформасы іске қосылады
Биыл Қазақстанда «Е-шаңырақ» электронды платформасы іске қосылады

Биыл Қазақстанда «Е-шаңырақ» электронды платформасы іске қосылады

Жүйенің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету
17/08/2017 15:36 0 118
Мемлекет басшысы Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Испания королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады
18/08/2017 11:12 0 293
Антитеррор талаптарын сақтамаған қостанайлықтар миллиондап айыппұл төлейді
Антитеррор талаптарын сақтамаған қостанайлықтар миллиондап айыппұл төлейді

Антитеррор талаптарын сақтамаған қостанайлықтар миллиондап айыппұл төлейді

Антитеррорлық талаптарды бұзғаны үшін 9 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
18/08/2017 17:30 0 161