• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:18:37
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 NEWS

Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысуда

Журналистер Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістанға барып келді.

Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу үшін Қазақстанға шетелдік журналистер тобы келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған апталық баспасөз туры барысында журналистер Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістанға барып келді.

Турға мәдениет және өнер саласында маманданған Австралия, Австрия, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Канада, Мысыр, Сербия, АҚШ, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Жапонияның жиырмадан астам тілшілері мен блогерлері қатысуда.

Баспасөз турының қатысушылармен кездесу барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов түсіндіргендей, Қазақстан қазіргі қазақстандық мәдениетті шетелде тиімді жылжытуын қамтитын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Баспасөз туры келген журналистерге Қазақстандағы мәдени әртүрлілік пен әлеуеттің кең көрінісін қалыптастыруға көмектеседі.

Астанада тілшілерге Ұлттық музей мен ЭКСПО-2017 қазақстандық павильонының экспозициялары ұсынылды. Ұлттық академиялық кітапханасында баспасөз туры қатысушыларының алдында Үмітхан Мұналбаева, Тұрсын Жұртбай, Болат Көмеков, Әлімжан Баянғали, Тұржан Оңайгүл және Ұлықбек Есдәулет сияқты қазақстандық әдібиеттанушылар мен ғалымдар сөз сөйлеген. Профессор Әділ Ахметовпен, сондай-ақ жебеуші және саяхатшы Сапар Ысқақовпен кездесулер өтті. «Астана-Опера» театрында шетелдік тілшілер «Кармен» операсының премьерасын тамашалады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, баспасөз турының қатысушыларына Отырар көне шахары, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелеріне, сондай-ақ Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына сапарлары ұйымдастырылды.

Алматыға сапар бағдарламасы Алматы қалалық әкімшілігінің қолдауымен әзірленіп, оған көркемсурет мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайы, Алматы мұражайы, «Трансформа» театр алаңы, «Esentai Gallery» өнер галереясы, Дәстүрлі музыканың мультимедиа орталығы, «Qazaq-Oner» қолөнер орталығы, жас қазақ ақындарымен кездесу, басқа да іс-шаралар кіреді.

журналистер

Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы саяси және экономикалық оқиғаларды жариялау үшін шетелдік тілшілердің баспасөз турларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл бірінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыпуға атсалысады.

журналистер

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір