25 Мамыр, 2018 Саясат
Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша жоспар бекітілді
Жоспар V Дүниежүзі қазақтар құрылтайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бекітілді.
Қазақстан Үкіметі 2018 - 2022 жылдарға арналған шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша жүргізілетін шаралардың жоспарын бекітті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жоспар V Дүниежүзі қазақтар құрылтайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бекітілді.
Жоспар бойынша, қазақ диаспорасына Қазақстандағы оқу орындарында білім алу бағдарламасы әзірленеді, шетелдегі қазақ мектептері мен қазақ мәдени орталықтарын оқулықтармен, гуманитарлы саладағы оқу-әдістемелік жәрдемақымен қамтамасыз етіледі және шетелде қазақ мәдени орталықтары ашылады. Сонымен қатар, шетелде танымал қазақтар туралы "Алыстағы ағайын" фильмінің циклы жасалады. Этникалық қазақтар үшін Қазақстанда кәсібін дамытуға жағдай жасау мәселесі қаралады.
Құжатпен мына жерде таныса аласыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір