• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:39:20
Алматы
+35°

«Қамшы» порталы біраз уақыт бұрын «Мәңгілік сағыныш» атты мақала жариялап, шеттегі қандастардың Қазақ еліне деген күймен жолдаған сәлем сағынышын жеткізген еді. Пәтіқан Айжақсы ақсақалдың бұл күйі біраз оқырманның көңілін толқытып, жүрек түкпірінен орын тапқан.  Енді міне Пәтіқан ақсақалдың өнерпаз ұлы Қамитқанменде әңгімелесудің сәті түсті. 

hamitqan

- Өзіңді қысқаша таныстыра кетсең...

- Мен Үрімжі қаласындағы Тәңіртау мал фермасы деген үлкен ауылда туып-өстім. Кішкентайымнан өнерге қызыққаныма ең басты себепкер болған менің әкем, ол маған алты жасымнан бастап қазақтың үкілі домбырасын ұстатты. Күй тартуға, ән салуға баулыды. Мектеп оқушысы болған кезде мектеп ішінде өтетін қандай да бір іс-қимылдан қалған емеспіз. Сол кезде ауылдағы үлкен кісілердің, ұстаздардың ақ батасын алып жүрдік. 2002 жылдан бастап үлкен сахналарға ақырындап аяқ басып, көлемді концерттерге қатыса бастадым. 2006 жылы «Жаңа әуен» ұжымының өнер мектебінің шәкірті болдым. Ахметжан Рабжанұлы сияқты ағалармен бірге ән сабағынан дәріс алдық. Сол жылы Ербосын Нұрмұқанұлы ағаның қолдауымен Наурыз мерекесінде алғаш рет өлкелік үлкен сахнада ән айттым.

kamitkan- Өзіңнің айтып жүрген әндеріңнің арасында «Бөтен қыз» деген ән халыққа жақсы таныс, осы әнге тоқтала кетсең?

- Мен сол жылдан бастап жеке шығармашылық бағытта жұмыс істей бастадым, жеке әндерімді жазырдым. Ол жақта өзіңіз білетіндей еш понограммасыз ән айтылады. Сондықтан да көп еңбек етуіңіз керек. Досым  Жанат Нұрсұлтанұлының әні «Бөтен қыз» 2007 жылы орындалды. Бұл әнді Шымкент қаласынан Жамбыл дейтін азамат Үрімжіге арнайы келіп аттай қалап алып кетті.

- Сенің композиторлық қырың бар деп естідік, ән жазып жүрсің бе? Бүгінде немен айналысып жүрсің?

- Алғашқы туындымды былтыр ғана жаздым, Жарас Дәлелқан ағамыздың сөзіне жазылған «Жамалым- ай» әні. Телеарнада дублияж жасап қосымша жұмыс істеп жүрген жайым бар.   Соңғы үш- төрт жылда асабалық өнерді де жүргізіп келем. Асабалық өте бір қиын, жауапкершілігі мол жұмыс, аздап қызығушылығым да бар бұл кәсіпке, сондықтан да соңғы жылдарда Үрімжіде тойларға шығып жүрмін.

Әкең Пәтіқан Айжақсыұлы Таңжарық Жолдыұлының бүкіл өлеңдерін жатқа білетінін білеміз. Сенің Асабалық өнерің осымен байланысты да шығар, үйіңде басқа өнерлі адамдар бар ма? Асабалық өнерге кімдерді үлгі еттің?

- Біздің отбасы негізінен өнерлі отбасы десем де болады. Үйдегі әпкелерім болсын, бауырларым болсын қолынан домбырасын тастамайды. Той тәңірдің қазынасы дейді. Той дегеніміз алысты жақындатын, жақсылықтың жаршысы. Асабалық өнерге мені нағашы ағам, шешемнің бауыры Мәкібай Нұқнабиұлы баулыды.

kamit-kairat

- Ол жақтағы қазақтардың Қазақстанға деген, Атажұртқа деген аңсары мен махаббаты қалай?

- Әрбір шетте жүрген қазақтардың Қазақстан десе елеңдемейтіні жоқ деп білемін. Достарымыз болсын, біз білетін жастардың қай- қайсысы болса да елге барсақ, жұртты көрсек деп жатады.

- Өзің Қазақстанға қашан қоныс аударасың?

- Мен шетте жүрсем де әрқандай уақытта қазақ елінде бейбітшілік болса екен, Қазақ елі дами берсе, гүлденге берсін деп іштен тілеп жүретін қазақтардың бірімін. Соңғы жылдарда жиі келіп жүрмін, Алла амандық берсе жақында біржола көшіп келемін.

- Тыңдармандарыңа, еліңе қандай тілек айтасың?

- Алдымен өнерді ардақтай білетін, салмақтай білетін ел жұрт аман болсын, өнерге қолдау білдіріп жүрген ағалардың ісі өрге бассын. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын! Осындай сұхбат ұйымдастырып отырған «Қамшы» порталына да өз атымнан айрықша алғыс білдіремін.

Сұхбаттасқан Ерлан Төлеубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір