• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:35:10
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 NEWS

Шенеуніктер мен полицейлерге шабуыл жасамақ болғандар ұсталды

Алматыда терроризмді насихаттағаны үшін ұсталғандар полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасауды жоспарлаған

Алматыда терроризмді насихаттағаны үшін ұсталғандар полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасауды жоспарлаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасай отырып.

Алматы полициясы ҚР ҚК 256-бабы бойынша (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) Жұмағұлов, Өміров, Әбішевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкциясымен олар 2 айға тергеу изоляторына қамалды. 

"Тергеу барысында Жұмағұлов бастаған күдіктілер құқық қорғау мен мемлекеттік құрылым өкілдеріне қарсы күш көрсету акцияларын жоспарлағаны анықталды», — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

 

Полицейлердің ақпаратынша, Жұмағұлов кәсіпкерлерден ақша бопсалау үшін қылмыстық топ құрып, Қырғызстаннан қару сатып алуды жоспарлаған. Сондай-ақ ол полицейлерге ұсталған жағдайда, бар кінәні өз мойнына алатын адамдарды да іздеген. 

"Ақша бопсалағаннан кейін Жұмағұлов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы белсенді іс-әрекетке көшуді жоспарлаған. Ешкімге сыр білдірмеу үшін ұялы телефондар мен SIM-карталар сатып алмақшы болған», — деп нақтылады полициядағылар. 

Естеріңізге салып өтсек, қараша айының соңында терроризмді насихаттады деген күдікпен бір топ қазақстандық ұсталған болатын. Көп ұзамай топтың үш лидері – Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысының тумаларын қамауға алуға санкция берілді. Полицейлер БАҚ-та күдіктілердің қарулы жихадқа шақырған бейнеүндеуін жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір