• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:54:57
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

Шелекте көз жұмған марқұмға ақын досы өлең арнады

Мен сенің әзіліңмен өмір сүрдім, Қылжақпас, қара жігіт Шелектегі.

Орталық аурухананың қызметкерлері кәріз жүйесін тексеріп жүрген кезде газдан уланып қалып, салдарынан екі сантехник пен бір медицина қызметкері көз жұмғанын естеріңізге сала кетейік. Реанимацияда жатып, есін жия алмай кеткен марқұм дәрігер Данияр Мергенбаевты ақын досы Серікбол Қадемов жоқтап, өлең арнапты.

Данияр Мергенбаев

Өз кезегінде Qamshy ақпарат агенттігі ажалы құдықтан болған үш марқұмның да отбасына сабыр тілеп, бұл қазаға барша Қазақ елінің қабырғасы қайысқанын жеткізгісі келеді.

Жәннатта бол!

Мен сенің әзіліңмен өмір сүрдім,
Қылжақпас, қара жігіт Шелектегі.
Қураған талдай қазір көңілсізбін,
Өмірден асыл досым сен өткелі.

Сен барда мен әрқашан көңілді едім,
Бөлісіп өзіңменен көп сырымды...
Қызығымды әкетті өмір менің,
Баса алмаймын бойдағы өксігімді.

Мен сенің жоқтығыңа қалай көнем?
Жанарым түніменен төкті жасын...
Телміріп телефонға қарай берем,
Қоңырау шалатындай боп тұрасың.

Сене алмаймын әлі де, сену қиын,
Жүрегімді аяусыз тіліп қайғым...
Жәннат болсын мәңгілік ендігі үйің,
Досым, сені ешқашан ұмытпаймын!

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір