• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:24:58
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 Әлеумет

Шайтанға қызмет еткен шіркеу қызметкерінің бастан өткергені (фото)

«Шайтанға табыну» ағымында немі мас болып жүру, тамақты нормадан тыс жеу, кез келген адаммен жыныстық қатынасқа түсу құптарлық іс.

Мен «Шайтанға табыну» (сатанизм) ағымына 15 жасымда келдім. Менің ата-анам діндар адамдар, бірақ мен басқа жолды таңдадым. 12 жасымнан бастап ішімдік іштім, темекі тарттым, анаша шектім. Ол уақытта мен "тру-эмо" секілді жүрдім. Ұзын кекілім болды. Кейде көзімді бояйтынмын.

Пастор

Бір күні досымның үйіне қонаққа бардым. Оның үйінен «Шайтанның кітабын» тауып алдым. Оның авторы - «Шайтан шіркеуін» құрған» Антон ЛаВей. 1969 жылы оның тиражы миллионнан асқан.

«Шайтанға табыну» ағымы менің ішкі жан дүниемді, дертіме түсінгендей көрінді.

Келесі күні анаммен ұрысып қалдым. Бөлмемді іштен құлыптап денеме «Шайтан шіркеуінің» белгісін салдым. Қан көп кетті. Мен барлық денемді тілгілеп тастағым келді.

Шайтанға табыну дегеніміз тек өзіңнің қара басыңды ғана ойлау. Аталмыш ағымда үнемі мас болып жүру, тамақты нормадан тыс жеу, кез келген адаммен жыныстық қатынасқа түсу құптарлық іс.

Бір күні шайтанды түсімде көрдім. Ол менің төсегімнің жанында тұр екен. Ол әдемі киінген, сөйлеу мәнері жақсы. Шайтан маған «емтиханнан өтсең өлесің» деді. Сол уақытта шайтанмен келісімге келдім. Шайтан маған алкогольді ішімдікті ұрлап, қыздармен тек жыныстық қатынасқа түсу үшін ғана кездесіп, адамдарды бір-біріне қарсы қойсам көмектесетінін айтты.

Осы жағдайдан кейін қатты өзгердім. Адамдарды бір-бірімен ұрыстырып, өтірікті көп айтуды шығардым. Ата-анаммен жиі сөзге келетін болдым. Қызыммен де арамыз суып кетті. Соның нәтижесінде, қызыммен айырылыстым. Ата-анамды жиі ренжітетін болдым. Достарымның көбі менімен араласпай кетті. Мен өзімді айдала жалғыз қалған адамдай сезіндім.

Пастор

Мен емтиханды ойдағыдай тапсырдым, бірақ тірі қалдым. Шайттанның маған өтірік айтқанын түсіндім.

Мен басымдағы сұмдық жағдайдан арылуға діни фестиваль көмегін тигізді. Фестиваль аяқталуға таяғанда бейтаныс адам мен үшін дұға ететінін айтты.  Бейтаныс адам өмірде ешқандай үміт жоқ болып көрінгенімен құдайдың маған қатысты өз жоспары бар екенін айтты.

Пастор

Фестивальден қайтқанда өзімді еркін сезіндім. Дінге бет бұрдым. 20 жасымда Сара есімді қызды кездестірдім. Көп ұзамай екеуіміз отау құрдық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір