• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:58:12
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Денсаулық

Шашты жиі бояу қауіпті ауруға шалдықтырады

Шашты жылына алты реттен көп бояу сүт безі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады.

Сүт безі ісігіне шалдыққан науқастардың ауру тарихын зерттеген дәрігерлер осындай қорытындыға келді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Шашты жылына алты реттен көп бояу сүт безі ісігіне шалдығу қаупін жоғарылатады. Бұл туралы Лондонның Princess Grace Hospital ауруханасының дәрігері, профессор Кефан Мокбел айтқан.

Дәрігер кеуде ісігімен ауыратын науқастардың ауру тарихын зерттеп шыққан. Нәтижесінде шашы боялған әйелдерге бұл диагноз 14 пайызға жиі қойылатыны анықталды.

«Зерттеу барысында шаш бояғыштың әсері мен сүт безі ісігінің арасында статистикалық байланыс бары анықталды. Сол себепті мен шашты жылына алты реттен аз бояп, үнемі мамандарға қаралып отыруға кеңес беремін», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, ең дұрысы, құрамында хош иісті аминдер концентрациясы төмен бояғыштарды қолдану. Ал табиғи ингредиенттерден, мәселен, итмұрын немесе рауғаш шөбінен жасалған бояғыштардың денсаулыққа зияны жоқ десе де болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір