• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:36:11
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Шағалалы Шардарада өнер фестивалі өтті

Шара «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұзын ата кесенесіне зиярат жасап, тарихымен танысудан басталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Шардара қаласында өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шара «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұзын ата кесенесіне зиярат жасап, тарихымен танысудан басталды. XIV-XV ғасырларға тән тарихи нысан Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген.

Ұзын-ата

«Діни ілімді жалғастырушы, елге ізгілік пен адалдықтың нұрын себуші ұстаздық, әулиелік қасиетімен аңызға айналған Ұзын ата даңқына бас иіп, арнайы құран бағыштап келушілердің қарасы мол», - деді «Шежірелі Шардара» аудандық өлкетану мұражайы директорының орынбасары Н.Сейдуллаев.

Кесене аумағын абаттандыру жұмыстары да ерекше қолға алынған.

Шардара-өнер фестивалі

Фестиваль Шардара қаласындағы Абай алаңында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарындағы қолөнер шеберлерінің үйірмесі мен кітап көрмесі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» флешмобымен жалғасып, Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Сонымен қатар, Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 9 ауылдық мәдениет үйінің меңгерушілері атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары, халықпен мәдени байланысы жөнінде есеп беріп, ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардың қатысуымен «Саумалық» және бата беру салт-дәстүрлерін көрсетті.

Шардара-өнер фестивалі

Бұған қоса, 80-ге жуық туындылары туған жер мен табиғат, тарихи сәттері түрлі-түсті бояулармен  сыр шерткен қылқалам шебері Айдарбеков Темірәлі Өсерұлының «Рухани жаңғыру» атты туындылар бұрыштамасы да өз ерекшелігін байқатты.

Шардара-өнер фестивалі

Аудандағы мәдениет үйлері мен клуб үйірмелері өнерпаздарының гала-концертінде халық шығармашылығының ән, би, күй, хор, цирк, драма сынды 18 жанрынан өнер көрсеткен шардаралықтардың Мәдени күні баспасөз конференциясымен қорытындыланды.

Айта кетсек, Шардара ауданындағы мәдениет үйлерінен ашылған 46 үйірмеде 1400-дей қатысушы дәріс алса, олардың ішінде 30-40 жас аралығындағы қатысушылар да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір