• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:41:12
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жаууы ықтимал, солтүстік-батыс пен оңтүстікте  қатты жауын жауады. Солтүстік, шығыс пен қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 17-22 м/с. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында  желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің ұйытқуы 23 м/с.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір