• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:26:05
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 NEWS

Сейсенбіде елімізде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды  дауыл болады.

Қостанай,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерлеріне тұман болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір