• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:16:40
Алматы
+35°

19 Қараша, 2017 NEWS

Серік Қожаниязов: «Байқоңыр» дамудың жаңа деңгейіне көтерілді

Қызылордада өткен «Байқоңыр Инвест» ІХ инвестициялық форумында көтерілген негізгі мәселелердің бірі - «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамыту болды

Қызылордада өткен «Байқоңыр Инвест» ІХ инвестициялық форумында көтерілген негізгі мәселелердің бірі — «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамыту болды, — деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 

«Қазақстан — Ресей әріптестігі аясында Байқоңыр қаласын дамыту» тақырыбындағы секция жұмысына Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов жетекшілік етті. Оның жұмысы барысында «Байқоңыр» кешенінде бизнесті дамыту ұсыныстары ортаға салынды.

Екі елдің ғарышты игеру саласындағы  мемлекеттік саясаяты әлемдегі алғашқы ғарыш кешені -— «Байқоңырды» жаңғыртуды көздейді. Оны дамытудың жаңа сатысы 2016 жылдың 26 желтоқсаны күні үкіметаралық деңгейде бекітілген «Байқоңыр» кешені бойынша одан арғы өзара тиімді ықпалдастық Тұжырымдамасы. Құжат 2050 жылға дейін есептелген және ол 9 негізгі бағыттан тұрады.

Cерік Қожаниязов атап өткендей, бүгінде кешен екі ел басшыларының келісімі негізінде әлеуметтік-экономикалық  дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр.

Байқоңырда бизнесті өркендету туралы Байқоңыр қаласы бойынша экономикалық даму басқармасының басшысы Руслан Әміров баяндап берді. Бүгінде жұлдызды қалашықта 76 мың адам тұрса, олардың 500-ден астамы  кәсіпкер. Қаланың ерекше статусына сәйкес  кәсіпкерлерге жер телімін беру жайы екі жақты келісім негізінде шешіледі.

Ал қала сыртындағы елдімекендер Қазақстан заңы шеңберінде жұмыс істейді. Сондай-ақ ҚР аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағанбетов Қазақстан мен Ресейдің біріккен «Бәйтерек» жобасының бүгінгі жайын әңгімелеп берді. Ол  жоба бойынша алғашқы ұшырылым 2022 жылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Секция жұмысын қорытындылаған Серік Қожаниязов қаланың дамуы үшін арнайы бағдарлама жасалғанын, соның негізінде алдағы уақытта кәсіпкерлер кешенге керекті кәсіпорындар ашып жұмыс жасайтынын айтып өтті. Мұнан өзге тұрғын үй, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қала жаңаша дамуға бет бұратын болады. Бүгінгі күні газ желісі «Байқоңыр» қаласына қосылып үлгерсе, келесі жылдан бастап мұнда су желелері жаңартылмақ.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір