• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:03:58
Алматы
+35°

Демалыс күні атам екеуміз қалада тұратын менің әке-шешеме барайық деп жолға шықтық.

Автобустың іші жолаушыларға толы. Біздің алдымыздағы орында ұсқынсыз, үсті-басы кір, сақал-мұрты өскен екі қазақтың жігіті отыр. Қолдарында шөлмек сыра.

Әлгі екеуі бір-бірімен көшедегі бұзықтардың былапыт тілінде орысша сөйлесіп отыр, ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығады.

Олардың қасында ақсақал мен жүкті әйел тұр. Атам біздің алдымызда отырған жастарға: «әй, қарақтарым, сендер де анадан туған шығарсыңдар ана жүкті әйелге орын берсеңдерші» деп еді, олар: «здесь все равны, если ненравится, то пусть не ездят» деді. Ашуға булыққан атам оларға азғындар деп жауап қайырды.

Бұл сөзді түсінбеген мен, "ата, азғын деген не?" деп сұрадым. «Е... қарағым-ай  бұл отаршылдықтың салдарынан туған кесел ғой» деді атам. Отарлау не деген сұрағыма, ол: – «елді басып алып, оны жаныштап езіп, айдауына жүретін, мынау екеуі сияқты, малға айналдыру» деді.

-Отаршылдарға біздің жеріміз, байлығымыз ғана керек болды, ал біз оларға тек қана құл ретінде қажет едік. Сондықтан басқыншылар бізді аяусыз қырып жойды, ал қалғанымызды мәңгүрттендірді. Тарихын, дәстүрін, тілін білмейтін, мына екеуі сияқты, малға айналдырды.

Шырағым, кез келген отарлау саясатының мақсаты жергілікті халықты қараңғы құлға айналдыру – ал отаршылдар  өркениетсіз, жабайы болғандықтан оны аса қаталдықпен, зымияндықпен жүргізді.

Біріншіден, қазақтар тұруға қолайлы жерлерден, қалалардан (өркениеттен) қуылды, олар адам аяғы баспайтын, ит байласа тұрмайтын құрдым жерлерді паналауға мәжбүр болды. Тәуелсіздігімізден бұрын қазақтар үлесінің жақсы жерлерде, қалаларда жоқтың қасы болғаны соның айқын айғағы.

Қазақтарды жақсы жұмысқа алмады, олар үйсіз-күйсіз өлместің күнін кешті. Сөйтіп қазақтар өз жерлерінде екінші сұрыптағы адамға айналды. Ал отаршылдар болса: «сендер жабайы көшпенділерсіңдер, барлығын сендерге біз үйреттік деген ойды» жергілікті халықтың санасына үнемі сіңірумен болды. Үлкен кісілердің айтуынша, бұрын арақты көп ішіп, темекі тартқан қазақтарды – міне  нағыз еркек деп мақтап, жалған дәріптеп, сөйтіп оларды жаман әдеттерге үйреткен.

Отаршылдар жергілікті халықтың тілін жарамсыз қылды, ал орыс тілін білмесең жұмысқа орналасу тұрмақ, тіпті күніңді көреалмайтынсың. Осылайша, қазақтарды орыстандыру саясаты аса қарқынды жүргізілді. 

Міне, мына екі малғұн сол зымиян отаршылдық саясаттың жемісі деп күрсінді атам.

Қарағым, тіпті хайуанда өз тілінде сөйлейді, ал ана тілін білмейтін мыналардай малғұндарды азғын демей не дейсің, - деді атам.

Көкжал

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір