• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:24:15
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Әлеумет

Сенат төрағасы: Астананың 20 жылдығына өз әншілерімізді шақыру керек

2017 жылы қыркүйек айында мемлекет басшысы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді тапсырған болатын.

Астананың 20 жылдығына арналған іс-шараларға отандық әншілерді көбірек қатыстыру керек. Бұл туралы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында хабарлады. 

"Елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға шетел әртістерінен гөрі, отандық орындаушыларды көбірек қатыстыру қажет", - деп жазды Сенат төрағасы.

2017 жылы қыркүйек айында мемлекет басшысы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді тапсырған болатын.

Қала күніне дайындықтың үш бағытта жүріп жатыр. Біріншісі шараға Мәдениет және спорт министрлігі, өзге де әріптестермен бірлескен дайындық.  Екіншісі - Қазақстан өңірлерімен өзара іс-қимыл. Үшіншісі - шетелдік серіктестердің қатысуымен өтетін шаралар. Бірінші топтама бойынша 600-ден астам шараны қамтитын, жыл бойы өтетін іскерлік, мәдени, спорттық бағдарламалар жинақталған. Оны түрлі министрліктер, федерациялар, театрлар және басқалары өткізеді.

Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін республикалық бюджеттен 18,8 миллиард теңге бөлу көзделген. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді.

20 жылдықты тойлау аясында өткізілетін 85 шараға барлығы 18 миллиард 800 миллион теңге қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, қаржы министрлігі бұл шешімді қолдаған және бұл қаражат бюджетте жоспарланды.

Ал 29 мамырда Астана әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының мұрындық болуымен, «Қазақ елі» монументі алдында, Астанамыздың 20 жылдық мемлекеттік мерекесіне арналған ең алғашқы шара - Open Air концерті өтті. Дені Ресей эстрада жұлдыздары қатысқан концерттің аты «Ұлы дала бірлігі» деп аталыпты. Ресейден Дима Билан, Юлиана Караулова, Сергей Лазарев, Анна Седокова, Натан, Анна Семенович, Джиган, Елена Темникова, Тимур Родригез, Макс Барских, Миша Марвин, «Градусы» тобы, Artik&Asti және басқалары, ал өз елімізден Қайрат Нұртас, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Әлішер Кәрімов, Ерке Есмахан, Ринат Мальцагов, Ringo және Ninety One тобы өнер көрсетті. Алайда отандық әншілерден гөрі шетелдік өнерпаздардың өнер көрсетуіне қала тұрғындары да, қоғам белсенділері де "ақшаның желге ұшып жатқанына" наразы болды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір