• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:41:04
Алматы
+35°

24 Маусым, 2018 Саясат

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды

Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен сотталған.

2006 жылы мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімін ұйымдастыру ісі бойынша сотталған ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 63 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің Телеграм парақшасында хабарлады.

"2006 жылы Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімін ұйымдастыру ісінде кінәлі ретінде  абақтыға жабылған Ержан Өтембаев қайтыс болды. Арада жылдар өткен соң тергеу барысында жалған куәлік бергенін мойындап, аталмыш қылмысты ұйымдастыруға тапсырыс беруші ретінде Рахат Алиевті атады", - деді Қалиев.

Саясаттанушы өз жазбасында Ержан Әбілхайырұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтқан.

Естеріңізге салайық, 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 20 жылға сотталған болатын.  2014 жылы Өтембаевтің ісіне байланысты сот үкімі жойылып, түрмеден босатылды. Бостандыққа шыққан соң саясатқа араласқан жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір