• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:50:28
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Аймақтар

Семейдің ескі көпірі 57 жылдан кейін жөнделмек

Семейдің ескі көпірі атанып кеткен нысан 1961 жылы салынған

Семейдің ескі көпірі атанып кеткен нысан 1961 жылы салынған. Содан бері қаржы тапшылығынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

«Көпір  2013 жылы ресми түрде «апатты жағдайдағы нысан» деп танылған. Бірнеше жыл егжей-тегжей тексеруге қаржы болмағандықтан, сырт көзбен ғана бақылап шығуға тура келген.  Енді биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда», - деді Семей қалалық Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Оның айтуынша, алдымен нысан тыңғылықты тексеріледі. Наурызда алматылық мамандандырылған фирма нысанды техникалық сараптамадан өткізу жұмыстарын қолға алады. Соның нәтижесінде, көпір қалыпқа келтіріледі немесе күрделі жөндеу жұмыстары басталады. 

Апатты деп танылған көпірде көлік қозғалысы бір сәтке тоқтаған емес. Өйткені, Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қаланың екі жағалауын байланыстырып тұр. «Егер бұрын көпірге түсетін салмақ 25-35 тонна болса, қазір 10 тоннаға дейін шектелді. Жүк көліктерінің жүруін азайттық, тиісті жол белгілерін орнаттық, жол таңбаларын салу әдісі арқылы жүктемені қысқарттық және автокөліктер қозғалысын екі бағытта да бір қатарға келтірдік», - дейді Нұрлан Серғазинов.

Тексеру барысында ескі құжаттар да ескеріледі. Техникалық сараптама үшін, бюджеттен 9 млн теңге бөлінген. Егжей-тегжей есепті мамандар қыркүйекте дайындап берулері қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір