• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:34:33
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Аймақтар

Семейде қараусыз жатқан 45 иесіз құдық жабылды

Семейде қараусыз жатқан кәріз құдықтары тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Себебі, беті ашық құдықтардың иесі де жоқ болып шықты

Семейде қараусыз жатқан кәріз құдықтары тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Себебі, беті ашық құдықтардың иесі де жоқ болып шықты.

Айта кетерлігі, қала әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар ашық әрі қараусыз жатқан су құбырлары мен кәріз құдықтарының тұрғындар мен көліктер үшін қауіпті екенін айтқан болатын. Осыған байланысты әкімнің тапсырмасымен  арнайы комиссия құрылып,  қараусыз жатқан құдықтарға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 45 иесіз құдық анықталды.

«Әзірге комиссия анықтаған 45 иесіз құдыққа қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды. Инвентаризациядан соң, қараусыз қалған құдықтар «Зеленстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырылады.  Қаржы қажет болса бөлеміз. Мәселе көп ұзамай шешіледі.  Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады»  - деді қала әкімі  Ермак Сәлімов.

Мамандар қараусыз жатқан иесіз құдықтардың әлі де бар екенін алға тартады. Сондықтан, оларды анықтау жұмыстары жалғасады. Өйткені, ондай ашық-шашық құдықтар адам өміріне қауіпті. Мысалы, былтыр қараша айында 6 жасар бала итімен серуендеуге шығып, сол күйі үйіне оралмаған еді. Ал денесін ашық жатқан кәріз құдығынан өлі тапқан болатын. Бірақ қайғылы оқиғадан кейін құдықтың қай мекеменің балансында екені анықталмады.

Белгілі болғандай, Семейде ең көп кәріз құдығы «Қазақтелекомға» тиесілі екен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір