• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:32:53
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 Аймақтар

Семейде бояулар фестивалі өтті

Осыдан 10 жыл бұрын 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын

Осыдан 10 жыл бұрын 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осы кезден бастап бұл мерейлі дата – өңіріміздің әр түкпірінде кең көлемде тойланып, түрлі мерекелік шаралар өткізіліп келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, елордамыздың 20 жылдық мерейтойын Семей жұртшылығы ерекше атап өтті. 

Ең алдымен «Біз Астананың құрдастарымыз » деген ұранмен Шәкәрім университетінің студенттері қаламыздағы Семей облыстық тарихи-өлкетану мәдени мекемесіне, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мұражайына, сонымен қатар Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне барып, тарих беттерінен сыр шертетін жәдігерлермен танысты. 

ВКО

Бұдан кейін Ертіс өзені жағалауында қала тұрғындырының қатысуымен «Open Air – 2018» фестивалі ұйымдастырылды. Шара бірнеше бөлімді қамтып, өте қызықты сәттермен есте қалды. 
Нақтырақ айтсақ, 500-ге жуық жастар бір-біріне қызылды-жасылды бояу шашып, айналаның барлығын әртүрлі түстермен әрлендіре түсті. 

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен ұласып, ұйымдастырушылар әзірлеген көптеген сайыстармен жалғасын тапты. Сондай-ақ, кеш соңында байкерлер шеруі өтіп, 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндерімізге тегін балмұздақтар таратылды. 

ШҚО

-Шыны керек, бұл фествальді мен ұзақ күттім. Маған қазір барлығы өте қатты ұнап жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, 5 минут ішінде адам танымастай өзгеріп кеттім. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын тапса екен. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, осындай жоғары деңгейде өтеді деп ойламадым,-дейді шараға қатысушы Томирис Қажыбекова

 Ғанибек Түсіпбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір