• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:53:14
Алматы
+35°

Семей қаласының полицейлері қала тұрғындарына сақ болуды ескертті, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі қалада алаяқтық əрекеттер жиілеп кеткен. Жыл басынан 400-ден астам факті тіркеліпті. Тәртіп сақшылары телефон жəне ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық жиілеп отырғанын айтып отыр. Сонымен қоса жалған несие алған алаяқтар да анықталып отыр. Таяуда 12 адамның атынан несие алған қала тұрғыны ұсталды. Залалдың жалпы сомасы 8 миллион теңгеден асады.

Асқар Тынықанов, қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімі басшысының орынбасары:

– Былтырғы жылмен салыстырғанда, қылмыстың бұл түрі 165 фактіге артты. 236 фактіден 401 фактіге дейін. Осы жылдың басында, Семей қаласының ІІБ-ның ұйымдасқан қылмыстық бөлімшесі қаржы айналымдармен айналысқан қаржы ұйымының əрекетін шектеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір