• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:58:16
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2018 Аймақтар

Семей орманына өрт қойғандар іздестіріліп жатыр

Тілсіз жаумен күреске 70-тен астам техника, 300-ден астам адам жұмылдырылыпты.

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында тұтанған өрт толық сөндірілді. Алайда тілсіз жаумен күрес жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының анықтаушылары бұл іс бойынша материалдарды Ішкі істер басқармасына өткізген деп жазады 24.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Өрт қойғандар іздестіріліп жатыр. Орман өртін өшірудің өзіндік қиындықтары бар. Жердегі жалынның әлегі басқа. Тілсіз жау биік қарағайдың басына шығып алғаннан кейін ондағы бүршіктер жан-жаққа жарылғыш зат сияқты ұшқын тастап отырады. Тіпті оның жылдамдығы сағатына 40-50 шақырымға дейін жетеді екен.

Соңғы ақпараттар бойынша, 260 гектардан астам алқапты қызыл жалын жалмаған. Тілсіз жаумен күреске 70-тен астам техника, 300-ден астам адам жұмылдырылыпты. Кеше таңертең жауған жаңбыр да қызыл жалынның бетін қайтаруға сеп болған. Орманда өрт ауыздықталғанмен, әлі де шоқ сөндіру жұмыстары күшейтіліпті.  Бұл өрттің шығу себептерімен полицейлер айналысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір