• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:24:15
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Целиноград ауданында 2 ауыл мен 23 көшенің атауы қазақшаланды

Новоишимка "Жаңа Есіл", Семеновка "Қараменді батыр" ауылы болып және 23 көшенің атауы қазақшаланды.

Целиноград ауданында 2 ауыл мен 23 көшенің атауы қазақшаланды. Бұл жайында Алмас Темірбай facebook парақшасында жариялады. 

"Новоишимка "ЖАҢА ЕСІЛ", Семеновка "ҚАРАМЕНДІ БАТЫР" ауылы болып және 23 көшенің атауы қазақшаланды!!!

Ал, құтты болсын! Целиноград ауданының "Новоишим" ауылдық округы "ЖАҢА ЕСІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫ", "Новоишим" ауылы "ЖАҢА ЕСІЛ", Семеновка ауылы "ҚАРАМЕНДІ БАТЫР" ауылы болып өзгертілетін болды!

Оған қоса осы 2 ауылдағы 23 көшесі "Алаш", "Тәуелсіздік", "Сайран", "Егемен", "Оқжетпес", "Алтын орда" т.б. болып түгелдей қазақша атауларға ие болды! Орыстары көп, қазағы аз осы екі ауылда бірнеше айдан бері дауға ұласқан мәселеге нүкте қойылды. 

Осы мәселені шешуді қолға алған Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Алма Айткужиноваға, бізден қолдау-көмек сұрап, шақыртқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Айгүл Үкіметқызына риза болдық, Алла разы болсын.

Семеновка ауылының аты "Тасмол болсын", "Тасмола болсын", "Береке болсын" деп бұра тартқандар болса да, ат төбеліндей қазақ төртке бөлінбей, ауызбіршілік танытып "Қараменді батыр ауылы болсын" тұра алды. 

Осы екі жиында келе алмаса да ақыл-кеңесін аямаған профессор Жамбыл Артықбаевқа, қатысуға уақытын бөліп Астанадан, Торғайдан арнайы келген ұлтжанды Фейзбуктегі достарым - тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі, профессор Мақсат Алпысбес, ақындар Ербол Алшынбай, Азамат Малжанбай, журналистер Амангелді Құрметұлы, Серік Жолдасбек, кәсіпкерлер Қанатбек пен Бақытбек Абдрахманов, блогер-ұстаз Аятжан Ахметжан, Сұлушаш Ахметова, Оразбек Абсаттар, ауыл имамы Әділбек Біланов секілді азаматтарға рахмет! 

Осылай әрқашан ұйымшылдық танытып, барған жерімізде көк туымыз жебіреп барып, желбіреп қайтсын! Рухымыз асқақтай берсін осылай, жігіттер!, - деп жазды Алмас Темірбай. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір