• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:57:33
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Сексоманияға шалдыққан жігіттің әрекеті дәрігерлерді әбігерге түсірді

Йель университетінің профессоры Мейр Кригер Томның дертін лунатизмнің бір түрі екенін айтады

Ұйықтап жүріп өңіндегі секілді жүретіндер бар. Алайда бұл сомнамбулизмнің жалғыз түрі емес.

Би-би-си корреспонденті Салли Абрамс түсінде не істеп не қойғанын білмейтін адамның бастан өткерген оқиғасын баяндайды.

Сара Томды ортақ достарының үйінде кездестірді. Екеуі бір-бірін бір көргеннен ұнатып қалды. Сара мен Том кездесіп жүрді. Барлығы жақсы еді. Тек бір жағдай оны есеңгіретіп жіберді.

Түнде Том Сараны жыныстық қатынасқа мәжбүрлемекші болған. Абырой болғанда, Сара сытылып шығып кете алды.

Ол түндегі жағдай туралы ұмытып кетті. Бірақ бірнеше айдан кейін жағдай қайта қайталанды.

Таң ертең Сара айырылысатынын айтып, түндегі жағдайды Томның есіне салғанда Том не істегенінен хабарсыз болып шықты.

Сара не ойларын да білмеді. Том өмірде мүлде басқа адам еді. Мейірімді, қамқор. Ал түнде құдды бір оған басқа адамның жаны кіріп кеткендей болды. Сара көп ойлана келе Томмен таныстықтарының басында ол көп жыл бұрын бұрынғы сүйіктісі Каренді зорлағаны үшін 7 жыл түрмеге отырып шыққанын айтқаны есіне түсті.  

Сара Томның басқа да түсініксіз қылықтарын есіне түсірді. Том түннің ортасында жартылай ғана киініп белгісіз бағытқа қарай кетіп қалатын. Таң ертең түнде болған жағдай есінде болмайтын.

Сексомния

Сара Томды дәрігерге көрінуге көндірді. Дәрігер Томды клиникалық тексеруге жіберді. Ол түні бойы басына орнатылған түрлі құрылғылармен ұйықтады.

Том

Тексеру нәтижесі бойынша, Томның бір уақытта ұйықтап және ояу жүретіні анықталды. Том өте сирек кездесетін сексоманияға шалдыққаны белгілі болды.

«Оның энцефалограммасынан қысқы уақыттарда ұйқы кезеңін білдіретін толқындарда ырғақты сызықтарды байқауға болады. Бұл дегеніміз сол сызықтар кездесетін кезеңде ол ояу жүреді» деп түсіндірді нейролог дәрігер Гай Лешзинер.

энцефалограмма

Йель университетінің профессоры Мейр Кригер Томның дертін лунатизмнің бір түрі екенін айтады. Бұл дертке шалдыққан адам миының есте сақтау, шешім қабылдау және  дұрыс ойлау қабілетіне жауап беретін бөлігі ұйықтап жатады. Ал көру, қимыл, қозғалыс және эмоцияға жауап беретін бөлігі ояу болады. Сондықтан адам жүреді, сөйлейді, тіпті ас әзірлей алады. Бірақ бұл уақытта өзіне есеп бере алмайды.

Аталмыш ауру Томды ақтап шыға ала ма? Әзірше белгісіз. Бірақ Том өзіне тағылған айыптан ақталып шығамын деп үміттенеді. Ол осы уақытқа дейін әділетсіз түрмеге отырдым деп ойлаған.

«Зорлау әрекеті болған кеште Томның басына электродтар орнатылып тексерілмегендіктен толық сеніммен сексоманияның салдарынан қызды зорлады ма жоқ басқа ниеті болған болмағанын нақты айта алмаймыз. Сот оны кінәлі деп тапты ғой» дейді дәрігер Лешзинер.

Дегенмен үміт бар. Соңғы жылдары ұйықтап жатып қылмыс жасағандарды ақтап шыққан жағдайлар болған. Мәселен, Торонтода ер адам ұйықтап жатып, көлікке отырып, енесінің үйіне барып, оны өлтірген. Сот қылмыс жасаған адамды ақтап шықты.

Оған ұқсас жағдай Аризонада да болды. Бірнеше жыл бұрын ер адам өз әйелін өлтірген. Ол мұны әдейі емес, ұйықтап жатып жасағанын айтқан. Алайда сот оны кінәлі деп тапты.

Сексоманиядан емделуге бола ма?

Томға қойылған диагноз Сараның есеңгіретіп жіберді. Себебі ол осы уақытқа дейін Томды кінәлі емес екеніне сенімді болған.

«Түнде қылмыс жасап, таң ертең ештеңе есіңде қалмағаны қиын екені анық. Ол түнде не істегенін мүлде білмейді ғой» дейді Сара.

Өкінішке қарай, аталмыш ауруды емдейтін ешқандай әдіс әзірше жоқ. Алайда оның алдын алуға болады.

Дәрігерлер сексоманияға шалдыққандарға өзге адамның денесін сезбеуі үшін киіммен ұйықтауға кеңес береді. Күйзеліс, ішімдік және дұрыс ұйықтамау да аурудың ушығуына әкеледі.

Том психологиялық саулығы үшін аталғандардың барлығынан басын аулақ ұстауға тырысады. Томның айтуынша, бұрын ондай жағдайлар айына бір мәрте болса, қазір бірнеше жылда бір мәрте болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір