• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:24:25
+35°

17 Мамыр, 2018 IT

"Scratch" қазақша сөйледі

Балаларды шығармашылыққа баулитын әлемдік бағдарламаға қазақ тілі енгізілді

Балаларды шығармашылыққа баулитын әлемдік бағдарламаға қазақ тілі енгізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның бастамасымен «Scratch» атты әлемдік бағдарламаға қазақ тілі енгізілді. Бұл туралы холдингтың Цифрлық дағдыларды дамыту басқармасының директоры Лаура Жұманалиева баяндап берді.

Осындай жоба арқылы балалардың логикасы дамып, болашақта шығармашылық шыңына шыққанын ниет еткен «Зерде» Холдингі Массачусетс технология институтының зерттеу орталығымен бірлесе отырып, бағдарламаға қазақ тілін енгізіпті. Бұған қоса, ондағы барлық жүйені толықтай мемлекеттік тілге аударып, техникалық жұмыстарымен 3 ай бойы айналысқан.

Scratch

«Скретч жобасына Lifelong Kindergarten (МТИ) атты зерттеу орталығымен бірлесіп, мемлекеттік тілді енгіздік. Біздің мақсат – бұл бағдарламаның қазақ тілді балаларға қолжетімді болғаны», – деп атап өтті Лаура Жұманалиева.

АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерде аталған жобаны мектеп бағдарламасына енгізген.  Ал, 2017 жылы «Зерде» Холдингінің бастамасымен тәжірибе ретінде Астана қаласындағы №27 мектептің оқушылары Скретч арқылы бағдарламалау негіздерін үйренуде.

Бұл бағдарламасының артықшылықтары: бағдарламалаудың негізін үйретіп, баланың шығармашылық қырын ашады, креативтілікке баулиды.

«Біз балаларды дамытқымыз келеді. Логикалық ойлау жүйесі мен жасампаздықты игергенін қалаймыз. Кішкентайынан өз идеяларын жүзеге асыра алса дейміз», – деді Л. Жұманалиева.

Айта кетейік, Scratch – балаларды дамытуға арналған Интернет-қауымдастастық. Онда оларға көптеген анимация мен ойындарды құрастыруды үйретеді. Сондай-ақ, ол туындысын әлемдік деңгейде бөлісе алатын болады. Скретч жобасын әлем тұрғындары 2002 жылдан бері қолдануда. Оған 22 млн. адам тіркелген. Күн сайын 25 мың оқырман жазылып, 30 мың жаңа жобалар жасалуда. 2017 жылы 30 млн. жаңа жоба жасалған. Бұл балаларды кішкентайынан шығармашылыққа баулып, түрлі  туындылар жасауға жәрдемдеседі.

Мұрат Рахимжанов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір