• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:53:32
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2018 NEWS

«Сайран» автовокзалындағы қара түтін алматылықтардың зәресін ұшырды

«Сайран» автовокзалының маңындағы қою түтін қала тұрғындарының зәресін ұшырды

«Сайран» автовокзалының маңындағы қою түтін қала тұрғындарының зәресін ұшырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Сайрандағы» будақтаған қою қара түтін жол шетінде өртенген дүңгіршектен шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірген. «18 наурыз күні 12:06-да Алматы ТЖД «101» пультіне Әуезов ауданы, Төле би көшесіндегі «Сайран» автовокзалының маңында тұтанған өрт туралы хабар түсті. 12:12-де өрт сөндірушілер жетіп барды.

10 шаршы метр ауданға ие киоскі өртенген екен. Жалын 12:15-те ауыздықталып, 12:19-да толықтай сөндірілді. Газ баллоны эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір