• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 17:06:57
+35°

12 Қаңтар, 2018

Саят Медеуов: Амалдың жоқтығынан депутат болып жүрмін

Саят Медеуов депутаттық мансапқа лайық еместігін айтып кетті.

Өткен жылдың сәуір айында жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді.
 
9 айдан бері депутаттық қызметте жүрген әнші тындырымды істері туралы жария еткісі келмеді.  Тағы айта кететіні Саят Медеуов депутаттық мансапқа лайық еместігін айтып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақ радиосына сілтеме жасай отырып.
 
«Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар. Мен сайланған кезде неше түрлі сөздер болды. "Ақшасы таусылған ғой. Халықты қанайын деген ғой. Халықты жейін деген ғой" - деген сияқты небір әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: «Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой», дедім. Сонда ол, досымсың ғой, досым болсаң шыда деп, қысқа қайырды. Амал жоқ, енді шыдап жүрмін. Өзінің қиындықтары бар. Оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей», - дейді әнші.
 
ҚР еңбек сіңірген қайраткері өзі Қарасай ауданының тұрғыны. Сондықтан, әншіні ел ішіндегі өзекті мәселелерді білетін болғандықтан, осы орынға ұсынған екен.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір