Сәуле Әбединова: Төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ... Ендігі Сәуле басқа...

Сәуле Әбединова: Төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ... Ендігі Сәуле басқа...
Ⓒalashinform.kz

Осыдан бір ай бұрын ұлынан айырылған тележурналист Сәуле Әбединова ұлын жоқтап, жұртты тебірентті. Өзінің Фейсбуктегі парақшасында жалғыз баласын қимаса да, өмірді қайта бастауға бекінгенін жазған.

«Менің бойымда бүгінде екі Сәуле өмір сүріп жүр - баласы өлгенге дейінгі Сәуле және баласы өлгеннен кейінгі Сәуле...
Кейде өзімді алдарқатып, түк болмағандай, баласы өлгенге дейінгі төрт құбыласы түгел Сәуленің кейпіне енемін...
Ондайда "үш арсыз" мені билейді...
Тіпті, осы ФБ-ға кіріп, посттарды, мақалаларды оқимын, музыка тыңдаймын, ұнаған дүниелерге бармағымды басамын, бөлісемін...
Ұнамаған нәрселерге күйіп-пісіп, боқтаймын, "төбелесемін", тіпті... мысалы, дәл бүгін, ұнамаса да, соншалықты жиіркенішті болса да - Көк бөріні қорлаған тексіздердің жазасы тезірек берілсе екен деген мақсатпен сол видеоны бөлісіп те жібердім... Жасырмаймын, оларды қарғап та жібердім...
Иә... Бір қарағанда, сол баяғы өздеріңіз білетін "ақылы аз, эмоциясын тежей алмайтын" Сәулемін...
Алайда... Мойындаймын...
Мен мың жерден бұрынғы Сәуле болып көрінгім келсе де...
... бұрынғы Сәуле емеспін...
Ішімде бір өзек үзіліп түскен, ішім өліп қалған Сәулемін...
Өмірге бұрынғыдан мың есе ашынған Сәулемін....
Иә...Мен қара жамылып, баламды жоқтап аза тұтқалы 41 күн...
Құлынымды жер қойнына тапсырғалы 40 күн...
Балапаным-ау, суықты ұнатпаушы едің ғой...тоңғақ едің ғой...қалай жатырсың мынадай аязда қара жердің астында...
Қараңғыны жек көруші едің ғой....қалай жатырсың тас қараңғы қабірде......
Ол суықты дәл мендей жек көретін...
Ол өлген күннен бастап, өмірдің аязына табиғаттың аязы қосылып, жанымды да, тәнімді де қарып өтті...
Жаным дертті, жүрегім мұз...
Жетсем деген армандарына жете алмады...
Көрсем деген бақытымды көре алмадым...
"Тым болмаса түсіме кірші" деп жалынғаныма 40 күн болды...
Түсіме де кірмейді...
Не дұрыс ұйқы жоқ...
"Тағы түн.... 
Тағы менен ұйқы қашты,
Қайтемін қаңыраған күйкі басты?!.
Алдымда мынау фәни тыржалаңаш,
Шығарып тілін маған, сиқын ашты..."
Осыншама ауыр сынақты берген Құдай сол сынақты көтере алатын қуат та беретін шығар...
Абзалым...
Абызым-қобызым...
"Анашым" деген сөзіңді сағындым...
"Мамуля, мамуся, мазе" деген сөздеріңді сағындым...
"Сәке" деген сөзіңді сағындым...
"Сәукентай" деген сөзіңді сағындым...
Тым болмаса түсіме енші, құлыным...
41 күн...
Бара ғой, ботам.... Ақ сүтіме ырзамын... Алла алдыңнан жарылқасын!..
Мен, Анаң, талбесікте тербеттім...
Жер-Анаң жербесікте тербетсін!...

***
Мен өзгердім...
Енді бір кездегі төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ...
Ендігі Сәуле - басқа Сәуле...
Бұрынғыдан жүз есе ақымақ...
Бұрынғыдан жүз есе эмоционалды...
Өмірге бұрынғыдан жүз есе құштар, өмірді бұрынғыдан жүз есе сүйетін...
Бұрынғыдан жүз есе бақытты болатын Сәуле келді...
Сәлеметсіздер ме!...
Қайырлы таң, Сәуле!...
Өмірді қайта бастаймыз ба???
Кеттік!!!».

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Айналайын, сабырлы бол , қайратты бол . жазбаңды оқып қайғым қозгалып , жүрегім қанжылады . Алла "жақсы көрген құлын жастай алады ", "сүйген құлын сынағына салады" деген сөздер шын болар . шын болса екен ....

    • 1 апта бұрын

      Иманды болсын анаға бұдан асқан қасірет жақ,

      • 1 апта бұрын

        Қайғыңызға ортақпын. Алла тағалам өзіңізге жақындарыңызға қуат берсін

        1
        Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Қазақстан географиясы» оқытылмайды
        22/02 14:15 0 65
        2
        Трамп мұғалімдерге қару таратып беруді ұсынды
        22/02 13:45 1 67
        3
        Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
        22/02 13:15 12 101
        Назарбаевтың орынбасарсыз келе жатқанына 22 жыл толды
        22/02 12:58 0 208
        Черногория астанасында белгісіз біреу АҚШ елшілігіне граната лақтырды
        22/02 12:50 0 53

        Таныстырылғандар

        Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырда қалып қойған ба?
        Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырда қалып қойған ба?
        Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырда қалып қойған ба?
        «Алматыдағы Ұлттық кітапхана ХХ ғасырдың соңында қалып қойған»
        12/02/2018 16:26 21 1082
        Қазақстандықтар сәбилерін жиі тастайтын болған - БҒМ
        Қазақстандықтар сәбилерін жиі тастайтын болған - БҒМ
        Қазақстандықтар сәбилерін жиі тастайтын болған - БҒМ
        2017 жылы Қазақстанда 13 тастанды бала тіркелген.
        12/02/2018 16:54 0 656
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Қазақстанның 16 қаласында ауа сапасы төмендеді
        Сейсенбіде метеорологиялық жағдайлар 16 қалада ауаның ластануына себеп болады.
        13/02/2018 08:35 2 463
        Қазақстанда тас жолда тұрып қалған 55 өзбекстандық құтқарылды
        Қазақстанда тас жолда тұрып қалған 55 өзбекстандық құтқарылды
        Қазақстанда тас жолда тұрып қалған 55 өзбекстандық құтқарылды
        Автобус ішінде Өзбекстанның 55 азаматы болған.
        14/02/2018 09:16 0 688
        «Уақып» қоры православиелік шіркеуді қалпына келтіруге атсалысады
        «Уақып» қоры православиелік шіркеуді қалпына келтіруге атсалысады
        «Уақып» қоры православиелік шіркеуді қалпына келтіруге атсалысады
        Кездесу Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және «Уақып» қорының бастамасымен өтті.
        14/02/2018 12:14 2 376
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз
        Адамға сенгіш жансыз. Өміріңізге кез келген адам кіре алады. Жүрегіңіз де өзгелер үшін ашық есік әрізді. Өзгелерден алшақтағаннан гөрі тәуекелге барасыз
        16/02/2018 14:57 6 8560
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Қазақстан халқының саны 18 млн 157 мың адамға жетті
        Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 231,2 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.
        16/02/2018 16:40 1 445
        Қазақ қызы Моңғолия халқын талантымен тәнті етті (видео)
        Қазақ қызы Моңғолия халқын талантымен тәнті етті (видео)
        Қазақ қызы Моңғолия халқын талантымен тәнті етті (видео)
        Әнші С.Наранның "Нутгаа санахуй" әнін орындаған.
        20/02/2018 10:26 2 6234
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде кәмелетке толмағандарды зорлап келгендер ұсталды
        Жетімдер үйінде тексеру жүргізілді
        20/02/2018 18:25 1 2940
        Тізерлеме... Патриархаттан матриархатқа ауысуға шақ қалдық
        Тізерлеме... Патриархаттан матриархатқа ауысуға шақ қалдық
        Тізерлеме... Патриархаттан матриархатқа ауысуға шақ қалдық
        «Үйленген соң мені асырашы, менің тірегім бол» деген жалынудай көрінеді
        21/02/2018 11:56 0 223
        ҰБТ-ға қалай тез әрі тегін дайындалуға болады? (фото, видео)
        ҰБТ-ға қалай тез әрі тегін дайындалуға болады? (фото, видео)
        ҰБТ-ға қалай тез әрі тегін дайындалуға болады? (фото, видео)
        «UStudy» аймақтық тестілеу орталығы қазақ мектептерінде оқитын түлектерге арнап YouTube арнасына қазақ тіліндегі 2000 бейнесабақты жүктемек.
        21/02/2018 18:02 3 332
        Біздегі аз халықтың көбі – кедей
        Біздегі аз халықтың көбі – кедей
        Біздегі аз халықтың көбі – кедей
        Бүгінде елімізде кедейлердің саны артып отыр
        21/02/2018 18:13 3 613
        Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейген
        Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейген
        Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейген
        Имамы жоқ, адам көп бармайтын бұл ғимараттарды қожайындары саудаға қойып жатыр.
        22/02/2018 09:30 4 206
        Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
        Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
        Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
        Бір ғасырда төрт рет әліпби ауыстырған қазақ жазуының тағдырының артыда ұлттың әдебиеті, мәдениеті бұдан кейінгі болашағының тағдыры тұр
        22/02/2018 13:15 12 101