• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:37:56
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Сәуірде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматыда табылды

Қызды іздеуге Талғар аудандық полицияның жеке құрамының барлығы жұмылдырылған.

Алматы облысының полицейлері сәуір айынан бері хабар-ошарсыз кеткен кәмелет жасқа толмаған Милана Изукаеваены тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Милана Изукаева Алматыда құрбысының үйінен табылды. Бір жарым ай бойы қыз құрбысының үйінде тығылып келген.

«Бұған дейін 17 жастағы қыз 25 сәуірде үйінен шығып кетіп қайтып оралмағаны хабарланған. Талғар ауданына қарасты ауылдардың біріндегі мектепте оқитын қыздың жоғалып кеткені туралы ақпаратты оның туыстары жеткізген» делінген Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қызды іздеуге Талғар аудандық полицияның жеке құрамының барлығы жұмылдырылған. Із-түссіз жоғалып кеткен қыз туралы ақпарат барлық полиция бөлімшелеріне таратылды және әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қызды Алматыда тапты. Оның жағдайы жақсы. Қазір Милана туыстарымен бірге» дейді облыстық полиция.

Қыз бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен қашып кеткен екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір