• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:06:02
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Оқиғалар

Саудиялық жігіт қайын атасының талабынан кейін қалыңдықтан бас тартты

Сауд Арабиядағы жігіт басталуына аз ғана минут қалған өзінің үйлену тойынан кетіп қалды...

Сауд Арабиядағы жігіт басталуына аз ғана минут қалған өзінің үйлену тойынан кетіп қалды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі islamnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып. Себебі, оған қалыңдықтың әкесі  қызының көлік айдауды армандап жүргенін ескерткен.

Қалындықтың әкесі күйеу баласына «2018 жылы маусымнан бастап әйелдердің көлік айдауына заң бойынша рұқсат берілген кезде қызымның көлік айдауына бөгет болма», — деп талап қойған.  Осы оқиғадан кейін күйеу жігіт ашуланып, ата-анасы мен жиналған қонақтарға ескертпей тойдан кетіп қалған.

Той болардың алдында күйеу жігіт пен қалыңдықтың отбасы ақылдасып, келісімге келген. Сол кезде жігіт өз әйелінің жұмыс жасауына кедергі болмайтынын айтқан.

Алайда  жұмыс жасауына қарсы болмаса да, көлік жүргізуіне қарсы болған күйеу жігітті тойдан кейін де ешкім райынан қайтара алмады. Саудиялық жігіт сол күйі көлік жүргізуді армандап жүрген қалыңдықтан бас тартты.

Айта кететін болсақ саудиялық жігіттердің көбісі әйелдердің көлік жүргізуіне қатысты заңның шығуына қарсы болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір