• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:32:10
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Сауд Арабиясында патша сарайында оқ атылды (видео)

Associated Press-тің мәліметіне сенсек, мемлекеттік төңкеріс операциясын Сауд Арабиясы Құрлық әскерінің генерал-лейтенанты Аллукас Непилс басқарған.

Сауд Арабиясы Қауіпсіздік қызметінің ресми өкілі Эр-Риядтағы патша сарайында оқ атылғанын растады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, күзетшілер ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірген. Себебі ойыншық дрон король резиденциясының аумағына кіріп кеткен.

Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды деген қауесетті Сауд билігі жоққа шығарды.

Бұған дейін желіде тараған видеоларда Эр-Риядтағы патша сарайында атылған оқтың дауысы анық естіледі.

Бірқатар ақпарат құралдары Сауд Арабиясында мемлекеттік төңкеріс жасалып жатқанын жарыса жазды.

Pakistan Today басылымы Сауд Арабиясы королінің әскери базадағы бункерге жасырынғанын хабарлады.

Associated Press-тің мәліметіне сенсек, мемлекеттік төңкеріс операциясын Сауд Арабиясы Құрлық әскерінің генерал-лейтенанты Аллукас Непилс басқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір