• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:07:18
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

Сауд Арабиясының билігі кинотеатрлардың жұмысына салынған тыйымның алынып тасталғанын мәлім етті. Аталмыш елде кинотеатрлар 1983 жылы жабылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Би-би-си»-ға сілтеме жасап. Коммерциялық кинотеатрлардың жұмысына 2018 жылдың қаңтарынан қайта рұқсат етілетіні туралы Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінде айтылған. «Бұл мәдениет саласының экономикасын дамытуда өзгерісті кезең. Кинотеатрлардың ашылуы экономика өсімін ілгерілете түсіп, оны әртараптандыруға жол ашады», - деді министр Аллада Аллавад.

Сондай-ақ министр тыйымның алынып тасталуы ханзада Мұхаммед ибн Салманның іске асырып отырған әлеуметтік және экономикалық реформаларының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті. Корольдік үкіметінің жоспарынша, 2030 жылға қарай елде 300 кинотеатр ашылатын болады. Бұл 30 мың жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы ішкі өнімге 24 млрд доллар көлемінде үлес қоспақ.

Айта кетейік, елде өткізілген әлеуметтік реформалардың тағы бірі - келесі жылдан бастап әйелдердің көлік жүргізуіне тыйымның алынып тасталуы. Бұдан бөлек, 2018 жылы араб әйелдеріне алғаш рет спорттық стадиондарға баруға рұқсат етіледі. Сауд Арабиясының салт-дәстүрлеріне сәйкес, әйел адамның білім алуына, саяхаттауына және өзге де іс-шараларға қатысуына тек ер адам ғана рұқсат ете алады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір