• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:39:41
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

«Сауд Арабиясы мұсылмандарға сатқындық жасады»

«Бұл Исламға және мұсылмандарға жасалған сатқындық», дейді Аятолла Али Хаменеи.

Иранның танымал саясаттанушысы Аятолла Али Хаменеи АҚШ пен Израилдың байланысы үшін Сауд Арабиясын кінәлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Аятолла Али Хаменеи бұл мәлімдемесін мұсылман елдерінің парламенті қатысқан конференция кезінде айтты. Аталған конференция Тегеранда өткен. Хаменеи Сауд арабия АҚШ-қа және «сионисттерге» көмектесіп жүр деп айтты.

«Бұл Исламға және мұсылмандарға жасалған сатқындық. Сауд Арабиясы мұсылмандарға сатқындық жасады», дейді Аятолла Али Хаменеи.

Сонымен бірге Хаменеи Иранның бұрын жау деп санаған мұсылман елдерімен достық, бауырлық қарым қатынасты ұстануға дайын екенін айтып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір