• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:24:44
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Сарыағаштағы базар қызыл жалынға оранды (видео)

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 22 минутта сөндірген.

Сарыағаш ауданы  "Дәулет" базарындағы алапат өрт кеше сағат 19:30-да басталған  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-кесілтеме жасай отырып.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт сондірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 22 минутта сөндірген. 

"Пластик бутиктер өртенді. Олар бесеу болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 144 шаршы метр аумақты шарпыған",- дейді Р. Иманқұлов.

Ал оқиға куәгерлері көтерме саудаға шығарылатын азық-түлік қоймаларының түгі қалмай жанып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, сатушылар тауарын құтқаруға талпыныпты.

"Саудагерлер тауарларына қарай ұмтылды,  полиция әрең ұстап қалды. Қызыл жалынды өрт сөндіргіш және сумен сөндіруге талпынған күзетшілерден басқа зардап шеккендер жоқ сияқты",- деді куәгерлердің бірі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір