• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:11:24
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 NEWS

Сәнбикелер неге күлімсіремейді? (фото, видео)

Сіз сәнбикелердің неліктен күлімсіремейтіндігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

Егерде сән үлгісін көрсетіп жатқан іс-шараға қатысып немесе осы іспеттес бағдарламаны көре қалсаңыз, қабағына қар жауған сәнбикелерді көресіз. Сіз сол кезде олардың неліктен күлімсіремейтіндігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

Алматыда 19-21 қазан аралығында өткен Mercedes-Benz Fashion Week 2017-2018, VIII халықаралық сән апталығы өткен болатын. Бұл шараға белсене қатысқан сән фотографы Ян Рэй сәнбикелердің неліктен күлімсіремейтіндігі жөніндегі сұраққа жауап берді.

яндекс

Оның айтуынша, «жұрттың назары сәнбикенің керемет күлкісі мен әдемі тістеріне емес, сән үлгісіне, үстіндегі киімге түсуі керек. Оның үстіне сән көрсететін жер қашанда кәсіби орын, сондықтан сәнбикелердің күлімсіремеуі заңды нәрсе».

«Сәнбикелер неге күлімсіремейді?» деген сұраққа бұдан да өзге де қызықты жауаптар бар. Олардың бірі, «сәнбикелердің қарындары аш». Әрине бұл әзілмен айтылатын жауаптардың бірі немесе олар күйзеліске ұшыраған деп жатады.

Алайда, 1990 жылдары подиумдағы сәнбикелердің эмоциялары басты назар аударушы әдіс болса, қазірде бұл үрдіс керісінше болып келеді. Ян Рей мырза атап өткендей, сәнбикелерге аударылатын назар бүгінді тіпті төмен болуы керек.

яндекс

«Сәнбикелердің беттері табиғи етіп әрленіп, тіпті опа-далап жақпай-ақ сахнаға шығарылуы соңғы кезде етек алып келе жатқан құбылыс. Жұрт арулардың сұлулығына сұқтанбай, үстіндегі шүберекке назар аударуы басты талап».

Нақты мысал келтіре кетсек, 2005 жылы Джон Гальяно деген танымал дизайнер өз топтамасын ертегі кейіпкерлері арқылы жұрттың назарына ұсынған болатын. Әрине, алып адамдар, егіздер және өзге де кейіпкерлер қатысқан сән сауығы халыққа қатты ұнаған. Сол кезде сәнбикелер жиналған қауымға қарап күлімсіреп, басқа да қылықтар көрсеткен. Алайда, сән сыншылары мұны құптамай, жұрт көңілінің көрсетіліп отырған топтамаға емес, сәнбикелерге ауып кеткендігін айтқан болатын.

Париж сән Синдикатының президенті Дидье Грюмбах: «Егер сәнбике күлімсіремесе, әдетте, ол жұрттың қызығушылығын тудырмайды. Сондықтан көрермен тек киімге ғана көңіл боледі. Ал егерде сәнбикелер күлімсірейтін болса, онда адамдар оның күлкісіне, түр-әлпетіне қарап отырып, киім үлгісі жөнінде ұмытып кетуі ықтимал» дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір