• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:44:04
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Денсаулық

«Саламатты Қазақстанның»  дәрігерлер бригадасы  өңірге келмек

2017 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінен бастаған еді.

Жуырда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына медициналық көмек көрсететін «Саламатты Қазақстан » пойызы  аудандарды аралайтын болады.

Медициналық пойыздың сегіз вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық  ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге  толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында Қостанай облыстық темір жол ауруханасының бірініш және жоғары санаттағы терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігерлері болады. Дәрігерлер десанты Шыңғырлау бекетінде науқастарды қабылдауды бастап, кейін Амангелді бекетіне бет алмақ. «Саламатты Қазақстан» пойызының жүру кестесіне сай, пойыз осы аймақтағы жеті елді мекенде науқастарды қабылдайтын болады. Шыңғырлау, Амангелді, Алғабас, Жайық,Переметный, Тасқала, Семиглавный Мар бекеттерінде ауыл-аймақ тұрғындары дәріргерлер қызметіне жүгінуіне болады. Аталған елді мекендердің тұрғындары медицина пойыздарында қызмет ететін салалық мамандардың тексеруінен өтіп, ауруын анықтай алады және қажетті алғашқы көмекке  қол жеткізіп, кәсіби кеңес алады. Дәрігерлердің қабылдауына келгенде жеке куәлікті ала келу маңызды.   

Медицина пойызы дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге ге дейін. Дәрігерлер демалыссыз жұмыс істейтінін және барлық қызметтердің тегін көрсетілетін болады.

Айта кетсек, аталмыш медицина пойызы өз жұмысын 2017 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Жезқазған бекетінен бастаған еді. Жыл соңына дейін пойыз Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір