• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:54:03
Алматы
+35°

07 Мамыр, 2018 Әлеумет

Салафиттерге сый ретінде берілген әйел басынан өткен сұмдықты айтты (видео)

Шымкент қаласының тұрғыны жақындары мен жеке бас қауіпсіздігі үшін аты-жөнін айтпады.


Facebook әлеуметтік желісінде салафитке тұрмысқа шығып жәбір көрген әйелдің видеоүндеуі жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

Шымкент қаласының тұрғыны жақындары мен жеке бас қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырып қалды.  Әйелдің айтуынша ол салафитке тұрмысқа шығып, көп ұзамай басқа салафит жігіттерге сый ретінде берілген.

"Намаз оқып, салафитке тұрмысқа шыққаннан кейін сіздің әрбір айтқан уағыз, лекцияларыңызды тыңдап келемін. Сіздің шәкіртім деп жүрген салафит бауырыңызға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай өзімнің бауырым деп жүрген екінші салафитке мені сый, зат ретінде сыйлады. Екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне сыйлап кете берді. Әр тұрмыста балалы болып отырдым. Бір салафитке барасың: «Бұған кім кінәлі?» деп сұрақ қойсаң, «Тағдыр ғой, қарындасым. Сабыр сақта!» дейсіздер. Қайдағы тағдыр, бұған тағдыр емес, қателіктеріңіз, надан тірліктеріңіз кінәлі. Қанша қыз, келіншектер сіздің айтқан уағыздарыңызды, лекцияларыңызды тыңдап, шәкірттеріміз деген адамдарға тұрмысқа шығып, қанша бала жетім болды, қанша әйел жесір болып көшеде тентіреп жүр?!" дейді әйел.

Әйел имамның көмегіне жүгінгісі келетінін айтқанда бұрынғы күйеулері олардан алыс жүруді бұйырғанын айтады. 

"Имамдарды тыңдамаңадар. Олар биғдатшылар, адасушылар" дейсіздер. Олар емес, сіздер адасушыларсыздар. Шетелге қашып, ел арасына іріткі салып, қазақ келіншектерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек секілді пайдаланып отырған сіздер", - деп ішкі зарымен бөліскен әйел қыздарға ақылын да айтты.

"Қыздар, әлі де кеш емес. Ес жинауға уақыт бар. Мен салафитпін деп жүргендерге тұрмысқа шықпаңдар. Олардың арбауына түсіп қалмаңдар. Бастапқыда олар жәннаттық өмір сыйлайтындай көрінеді, бірақ арбауына түсіп қалғаннан кейін дегендерін істейді" деп қыздарға кеңесін айтты.

Өзі жәбір көрген адамның есімін атады.

"Жәннаттың кілті ананың табанының астында. Менің әрбір көз жасым, балалардың көз жасы, қаншама әйелдің көз жасына қалған Ділмұрат, ертең әрбір көз жасымның ақысын сізден аламын. Әрбір қыздың көз жасына, хақысына, сен жауаптсың. Бала-шағамның көрген қиыншылығының, ақысын сеннен аламын. Шынайы білімді адам қазақ халқына, Қазақстан еліне қызмет етіп, шынайы жаны ашиды. Ділмұрат, басқа ілімділер сен секілді елінен қашып, іріткі салмайды. Осы жағын терең ойлансаңыздар деймін" деп сөзін түйіндеді әйел.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір