• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:16:40
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковпен келіссөздер жүргізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанаға кешке таман Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған үлкен өкілдік делегация келді. Қырғызстан делегациясының құрамында бірінші вице-Премьер-Министр Т. Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков және т. б. бар.

Шағын құрамда екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазір екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық еткен.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір