• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:54:06
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 NEWS

Сағынтаев Бородавкинді Ресей елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады

Бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.

Бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Алексей Бородавкин Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып 2018 жылдың ақпанында тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанда 11 жыл жұмыс істеген Михаил Бочарниковті алмастырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір