• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:47:06
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Турнир нәтижесі бойынша, ең үздік боксшы атағына ЦСКА штаттық командасының спортшысы Сапарбай Айдаров ие болды

Алматы қаласы ЦСКА оқу-дайындық орталығының базасында Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан жиырма екінші халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жарыс дәстүрлі түрде өткізіліп отырады және халықаралық деңгейге ие болған. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 150 боксшы бірнеше күннен бері өзара ең үздіктерді анықтады.

"Мұндай турнирді өткізу - бокс әлеміндегі маңызды оқиға болып табылады. Армия генералы Сағадат Нұрмағабетов атындағы турнир - отандық боксшылар арасында үлкен мәртебеге ие ірі жарыс", - деді Олимпиада ойындарының қатысушысы, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері, Алматы қалалық бокс федерациясының вице-президенті Михаил Юрченко.

Турнир нәтижесі бойынша, ең үздік боксшы атағына ЦСКА штаттық командасының спортшысы Сапарбай Айдаров ие болса, Ерлан Ғазизов ең үздік төреші атанды. Ал "жеңіске ұмтылыс" номинациясын Қырғыстаннан келген спортшы Асылбек Аманқұлұлы жеңіп алды.

Салмақ категориялары арасында турнир жеңімпаздары мынадай: Берікбаев Мардан (ЦСКА, 49 келі), Музапаров Анвар (ЦСКА, 52 келі), Кучкаров Абдулло (Өзбекстан, 56 келі), Сихымбаев Айдын (ОҚО, 60 келі), Эрдэнэбат Цэндбаатар (Моңғолия, 64 келі), Өміртай Нұрхат (Қарағанды облысы, 69 кг), Айдаров Сапарбай (ЦСКА, 75 келі), Сабиров Нұрлан (Маңғыстау облысы, 81 келі), Сандрахманов Мадияр (Өзбекстан, 91 келі) және Фоминых Дмитрий (Ресей Федерациясы, 91 келіден жоғары).

"Мен бәріне ризамын, мықты дайындықпен келіп, жеңіске ұмтылдым. Қарсыластарым - өте күшті, жекпе-жек оңай болмады. Командамызды жеңісімен құттықтаймын! Жаттықтырушыларымызға, командаға және бізді қолдаған жанкүйерлерімізге үлкен рахмет!", - деп алғысын білдірді 75 келі салмақ категориясындағы жарыстардың жеңімпазы, Армияның Орталық спорт клубының спортшысы Айдаров Сапарбай.

Жеңімпаздар жарыс нәтижелері бойынша, осы жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін ҚР Президентінің кубогіне арналған турнирге және 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына қатысуға үміткер ретінде қаралатынын айта кету керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір