• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 09:05:26
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2018 NEWS

"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының логотипі плагиат болуы мүмкін

Мемлекеттік бағдарламаның логотипін түрлі түстерден жасалған мозайкадағы бүркіт бейнесіндегі франциялық ұйымның суретіне ұқсас деген пікір айтып жатыр.

Желі қолданушылары "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының логогтипінің түпнұсқа екендігіне күмән келтірді. 

Facebook белсенділері мемлекеттік бағдарламаның логотипін түрлі түстерден жасалған мозайкадағы бүркіт бейнесіндегі франциялық ұйымның суретіне ұқсас деген пікір айтып жатыр. 

«Сананы французша өзгерту. Барлық ұқсастық кездейсоқ жағдай. Франциядағы Aigle de Patmos компаниясы трансформация шеберлігіне үйретеді. Клиенттеріне «өз шындығын байытып, оны өзгертуді, қиялдағы жағдай арқылы тәжірибе қалыптастыруды, білім мен оны көрсетуді, шынайы көңіл-күй мен адамды иландыратындай сөйлеуді үйретуге» уәде береді. Aigle de Patmos компаниясы өз қызметін Азур қаласындағы балалар мен ересектерге арналған Санари-сюр-Мер театрында дамытып отыр»,-деп жазады Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов

рухани жаңғыру

плагиат

Жарияланымға пікір білдірушілер екі топқа бөлінді. Бірі "идеялар ұқсай береді, басты мәселе тындырылған жұмыста" десе, енді бірі бұл жәйтқа "ұят" деп баға берген.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі аталған мәселе бойынша пікір білдіруге уәде берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір