• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:11:31
+35°

15 Қараша, 2017 Аймақтар

«Рухани жаңғыру»: Көкпекті ауданында 57 млн. теңгеге 8 жоба іске асуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 42 млн теңгеге 7 жоба іске асқан.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 42 млн теңгеге 7 жоба іске асқан.

Қазірде сегізінші жоба бойынша жыл соңына дейін Ақ ой ауылында жаңа емхана өз жұмысын бастамақ. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сагандықов мәлімеді.

– Қазірде Шұғылбай ауылының жолы жөндеуден өтіп, Тассай ауылында жаңа ойын алаңы салынып, М. Әуезов атындағы мектеп спорт жабдықтарымен қамтылмақ. Сондай-ақ, Өрнек ауылында жаңа балабақша салынды. Барлық атқарылған жоба кәсіпкерлердің қаражатына іске асуда, – деді аудан әкімі Рамиль Сагандықов.

Естеріңізге сала кетсек, қазан айында Өскемен қаласында өткен «Туған жер» форумы аясында аудан кәсіпкерлері ауданға 47,6 млн теңге көлемінде қаражат табыс етуге әзір екендіктерін жеткізген. Аталмыш қаражатқа «Менің мектебім» акциясы бойынша ауданда 7 робототехника сыныбын ашу жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір