• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:50:30
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады. Оған қатысу үшін алыстан ат терлетіп келудің қажеті жоқ - дейді жобаны ұйымдастырушы «U 38»университеттер альянсы. Профессорлар курсты онлайн режимде жүргізеді екен. Сондықтан ағылшын тілін Қазақстанның кез келген жерінен үйренуге болады. Қатысушылар үшін 7 сабақ дайындалған. Яғни, тіл меңгерушілер қалаған уақытында курсқа қосылып білім ала алады. Айта кетсек, онлайн курс тілді жаңадан үйренушілерге арналмаған.

«Бір деңгей керек ағылшын тілінде. Оны біз «Pre-Intermediate»дейміз. Яғни, сіз осы деңгейде өзіңіздің ойыңызды жинақтай аласыз. Өзіңіздің сөздік қорыңыз бар. Бұл курстың ерекшелігі - сіз сол ойларыңызды дұрыстап, мазмұндап, аудиторияға бағыттап, лексикалық тұрғыдан соны дұрыстап жеткізе алатын боласыз»,  - деді Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің доценті Перизат Елубаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір