• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:20:59
Алматы
+35°

27 Маусым, 2018 Аймақтар

Роза Рымбаева астаналықтар үшін ән шырқайды

Биыл демалыс күнгі «ДумандыСарыарқа» концерттері 1 маусымнан 2 қыркүйекке дейін ұйымдастырылады. Барлық шаралар ашық алаңдарда тегін өтеді.

Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева демалыс күндері Астанада өтетін «Думанды Сарыарқа» концерттік бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Қазақстандық эстрада жұлдызы елорданың 20 жылдығын мерекелеу аясында 1 шілдеде Үркер кентінде (Ильинка) өнер көрсетеді. Концерт №69 мектеп-гимназиясының аумағында өтеді. Елорда әкімдігінің мұрындық болуымен өтетін шара сағат 19:00-де басталады.

Қала тұрғындары мен қонақтары Роза Рымбаевадан басқа Досымжан Таңатаровтың, Достың, ағайынды Жүгінісовтердің, «Арт Домбыра» триосының, «Дәуір» дуэтінің, Әсем Омарова мен басқа да әртістердің өнерін тегін тамашалай алады.

Екі жылдан бері жазда мәдени-бұқаралық іс-шаралар тек қалада ғана емес, сонымен қатар оның шет аумақтарында да ұйымдастырылып келеді. Жексенбі күндері Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал, Промышленный және Казгородок кенттерінің тұрғындары үшін мерекелік шаралар өткізіледі.

Демалыс күнгі «Думанды Сарыарқа» концерттері тұрғын алаптары тұрғындарының арасында кеңінен белгілі. Шара аясында танымал қазақстандық әртістер, Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей сынды әзілкештер өнер көрсетеді. Бұдан басқа, би және музыкалық ұжымдар, көше театрларының әртістері, аниматорлар, интерактивті ойындар өткізетін бойшаң қуыршақтар да белсене қатысады.

Биыл демалыс күнгі «ДумандыСарыарқа» концерттері 1 маусымнан 2 қыркүйекке дейін ұйымдастырылады. Барлық шаралар ашық алаңдарда тегін өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір