• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:44:55
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Саясат

Роухани Трампты отпен ойнамауға шақырып, АҚШ-тың өкінетінін тағы ескертті

Трамп мырза, біз мейірбан халықпыз. Ызаландырмаңыз, отпен ойнамаңыз.

Хасан Роухани өз мемлекетінің ұстамды ел екенін әрі «ешкіммен шайқаспайтын, жаулап алмайтын ел» екенін мәлімдеген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «говорит Москва» басылымына сілтеп.

«Трамп мырза, біз мейірбан халықпыз. Ызаландырмаңыз, отпен ойнамаңыз. Сіз бұған өкінетін боласыз. Америка Иранмен бейбітшілік — бәрімен бейбітшілік, Иранмен соғыс — барлығымен соғысу» деген сөз екенін білуі керек», - деп мәлімдеген Роухани ирандық дипломаттармен Тегерандағы кездесуінде.

Айта кетсек, мамыр айының басында Трамп АҚШ-тың ядролық келісімді үзетінін, Иранға бұрынғы санкцияларды қайтарып қана қоймай жаңа санкциялар салатынын мәлімдеген. Оған қоса Иранмен мұнай саудасын жасайтын елдерге де қауіп төнетінін ескерткен.

Осы жағдайдан кейін Рухани «Біз қорғаныс қаруларымызбен байланысты ешкіммен келісімге отырмаймыз. Қажетінше зымыран мен қару өндіріп қоймаларымызда жинаймыз» деген болатын.

АҚШ-тың Иранмен байланысты 40 жылдан бері қате шешімдер қабылдағанын, ядролық келісімнен бас тартуының өте үлкен қателік болатынын алға тартқан Рухани «АҚШ ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда өкінетін болады» деп еді сол кезде де Роухани.

Ядролық держава АҚШ Иранды ядролық қару өндіреді деп айыптап келеді. Ахмадинежадтың президенттігі тұсында АҚШ Иранға аяусыз санкция салған. Ал, Иран ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланатынын табандап айтып келеді, әлі позициясын өзгерткен жоқ.

Арада 2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында келісімге қол қойылып, Иранмен Батыс елдерінің арасы сәл жұмсарған. Израиль қолдамаған келісім туралы 2016 жылы Трамп президент сайлауы алдында  «апат» деп бағалап, «бұл келісім Иранға ядролық қаруларын сақтауға мүмкіндік береді» деген.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір