• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:23:34
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 Спорт

Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті

Португалдық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойын аяқталды. Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды vesti.kz

Бірінші таймда Португалия құрамасы 2:1 есебімен ұтып шықты. 4 минутта Роналду пенальтиді сәтті орындаса, 24 минутта Диего Коста асқан шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасады.

Тартысты ойын екінші таймда да қыза түсті. 55 минутта Диего Коста да дубль жасап, "қызыл фурия" жанкүйерлерін қуантты. Араға 3 минут сала Начоныңалыс қашықтықтан шірене тепкен добы Португалия құрамасы қақпасынан табылды.

Ойын аяқталар тұста Криштиану Роналду айып соққысын тамаша орындап, таразы басын теңестірді. Сондай-ақ португалдық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.

Айта кетейік, бұл топтағы екінші ойында Иран құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде 3 ұпаймен көш басына шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір