• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:54:41
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

РФ СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовты Ресей сыртқы істер министрлігі марапаттады

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовті Ресей сыртқы істер министрлігі марапаттады, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РФ СІМ баспасөз қызметіне cілтеме жасай отырып.

11 желтоқсанда РФ СІМ-нің орынбасары Григорий Карасин Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу барысында "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапаттады. 

«Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі екі ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады», — делінген хабарламада.

Айта кететін болсақ, 2017 жылдың 3 ақпанында Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір