• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:49:44
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Экономика

Республикалық бюджет туралы заң жобасы талқыланды

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен республикалық бюджет заң жобасын мақұлдап, түзетулер енгізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті жалпы отырысында депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдап, түзетулер енгізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент Назарбаев қаңтар айындағы халыққа жолдауында басты міндеттердің бірі ретінде «Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет», - деген еді.

Онда, «Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.

Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет.

Республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оның қорытындысы бойынша маған баяндалсын.

Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн», - деп нақты тапсырмалар бекітілген.

ҚР-ның қаржы министрі Бахыт Султанов қаржы құжаттарының негізгі деп танылатын параметрларын ұсынды. Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттік жобаны қалыптастыру барысында Парламенттік тыңдауда айтылған есеп комитетінің, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстары назарға алынды.
– Түсімнің жалпы көлемі 2018 жылға 8,5 триллион теңге болса, 2019 жылы – 9,1 трилион, 2020 жылы – 9,5 триллион теңге деп белгіленді. Шығындарға келетін болсақ, 2018 жылы-9,2 триллион, 2019 жылы – 9,7 триллион, 2020 жылы – 10,2 триллион теңгені құрайды дейді бөлім бастығы.

Сенат комитеті қаржы және бюджет бөлімінің төрағасы Ольга Перепечина осы жобаны талқылау барысында,Сенаттың тұрақты комитеті мен депутаттары заңға  127,7 млрд. теңге сомасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 100-ден аса ұсыныс айтты. Соның нәтижесінде ұсыныстар үшжылдық кезеңге 85,6млрд теңге көлемінде қолдау тапты.

 Бұл ұсыныстарды қаржыландырудың қайнар көзі – 2018 жылы мемлекеттік резервті 4,8 млрд. теңгеге және2017 жылы аяқталған Құрық портының құрылысы шығынын 16,9 млрд теңгеге қысқарту болып табылады деп көрсетті комитет басшысы.

Оның айтуынша, ұсынылған өзгерістер:

1.Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің логистикасы.

2.Гидрометеорологиялық қызмет.

3.Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарының тұрғындарына берешекті өтеу.

4.Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру сияқты іс-шараларды қаржыландыруды көздейді.

Талқылау қорытындысы бойынша, сенаторлармен өзгертілген заң жобасынМəжіліске жіберді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев заң жобасын қолдаған үшін депутаттық корпусқа алғысын білдірді. Сағынтаев құжаттың қабылдануы экономика тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ететіндігін, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға көмектесетінін атап өтті. Министрлер кабинетінің басшысының уәдесі үш жылдық бюджетті талқылау барысында сенаторлар көтерген барлық мәселелер Үкіметте шешім табатындығына сендіріп отыр.

Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілген тағы бір заң жобасы сенаторлардың Парламент Мәжілісіне жіберілді.

Сонымен қатар, депутаттар «2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заң қабылдады. Құжатқа сәйкес, 2020 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке бекітіліп, екі триллион теңгені құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір