• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:26:53
Алматы
+35°

28 Шілде, 2017 Оқиғалар

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды

Небензя бұған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Василий Небензя елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып сайланды. Путин шешімге 27 шілдеде қол қойған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

Небензя бұған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған Виталий Чуркин ақпанда қайтыс болған. Чуркиннің орнына Петр Ильичев бірнеше ай тұрақты өкіл міндетін атқарған.

Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкіл қызметіне 2006 жылы тағайындалған. Оны бұл қызметке 2004 жылдан бері Ресей сыртқы істер министрі қызметін атқарып келе жатқан Сергей Лавров ұсынған. Лавровтың өзі министрлік қызметке тағайындалғанға дейін Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір