• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:28:05
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

Ресейден келетін құс еттерінен шошқа ДНҚ-сы табылды

Сүт өнімдерінен алынған 100 сынаманың 6 пайызы талапқа сәйкес келмеген.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті микробиологиялық көрсеткіштер бойынша денсаулыққа зиян келтіретін азық-түлік өнімдерін  анықтады.

Қазақпарат дерегіне сүйенсек, Ресейден келген «Чебаркульская птица» бройлер-балапаны өнімінен және АҚШ-тан келетін тауық санынан сальмонелла табылған. Бұл табан астында жасалған тексеріс нәтижесінде анықталып отыр.

Аталған өнімдер толықтай жойылды. Сальмонелла Ресейден «МПК» атауымен келетін тауық етінен де табылды. Сонымен қатар «CAPITAL  PROJECTS LTD» ЖШС өндіретін «Курочка ряба» бойлерінен де табылған.

«Өнімді бұрмалау фактілері  тіркеліп отыр. Сүт өнімдерінен алынған 100 сынаманың 6 пайызы талапқа сәйкес келмеген. Бұл Lactalis International және «President» майы және «Шадринское» сүтіне қатысты. Ресейден келетін құс еттерінен алынған 100 сынаманың үшеуінен маркировкада ескертілмеген шошқа ДНҚ-сы (Дезоксирибонуклеин қышқылы) табылған», - дейді техникалық регламенттерді қадағалау бөлімінің басшысы Самат Қазанбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір